Синоптиктер 23 ақпанда Қазақстанның солтүстік-батысында ауа температурасының күрт төмендеп, 25-37 градус аязға дейін жететінін, кейінірек суық солтүстік, шығыс және орталық аймақтарға тарайды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Астана қаласында түнде және күндіз -15…-17 градус, кей жерлерде қар, бұрқасын, көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан соғып, 9-14 м/с, кейде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Алматыда түнде -1…+1 градус, күндіз +9…+11 градус жылы. Күн бұлтты, таңертең тұман, күндіз жаңбыр жауады.
Шымкентте түнде 0…+2 градус, күндіз +10…+12 градус жылы, жауын-шашынсыз, тұман түседі.
Ақмола облысында түнде және күндіз -15…-20 градус, қар жауып, бұрқасын соғады. Көкшетауда ауа температурасы түнде -16…-18 градус, күндіз де осындай суық сақталады.
Алматы облысында түнде 0…-8 градус, күндіз +5…+10 градус аралығында, кей жерлерде жаңбыр, қар жауады. Қонаевта күндіз +7…+9 градус жылы, жаңбыр күтіледі.
Жетісу облысында түнде 0…-8 градус, күндіз +3…+8 градус аралығында болады. Талдықорғанда күндіз +4…+6 градус жылы, аздаған жауын-шашын болады.
Түркістан облысында түнде 0…-8 градус, күндіз +7…+12 градус жылы. Тұман түседі, күндіз жаңбыр күтіледі. Түркістанда күндіз +9…+11 градус жылы.
Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде -18…-23 градус, күндіз -8…-13 градус суық болады. Орал қаласында түнде -18…-20 градус, күндіз -10…-12 градус суық.
Атырау облысында түнде -10…-18 градус, күндіз -3 градус аяздан +2 градус жылыға дейін өзгереді. Атырау қаласында түнде -10…-12 градус, күндіз 0…-2 градус.
Маңғыстау облысында түнде -2…-10 градус, күндіз +3…+8 градус аралығында, күндіз жауын-шашын жауады. Ақтауда күндіз +2…+4 градус жылы.
Ақтөбе облысында түнде -17…-28 градус, күндіз -11…-13 градус аяз. Ақтөбе қаласында түнде -21…-23 градус, күндіз -11…-13 градус суық болады.
Қостанай облысында ауа температурасы түнде және күндіз -17…-25 градус аралығында, кей жерлерде қар жауады. Қостанай қаласында түнде -21…-23 градус, күндіз -18…-20 градус суық.
Бұрқасын боран болады
Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы түнде және күндіз -17…-25 градус аралығында, бұрқасын күтіледі. Петропавлда ауа температурасы түнде және күндіз -20…-22 градус.
Павлодар облысында түнде және күндіз -12…-20 градус аралығында, қар жауып, бұрқасын болады. Павлодарда түнде және күндіз -11…-13 градус.
Қарағанды облысында ауа температурасы түнде және күндіз -10…-18 градус аралығында, қар жауады. Қарағандыда түнде және күндіз -14…-16 градус суық.
Ұлытау облысында түнде және күндіз -10…-18 градус, кей жерлерде қар күтіледі. Жезқазғанда ауа температурасы түнде және күндіз -13…-15 градус.
Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде -5…-13 градус, күндіз -2…-7 градус аралығында. Өскеменде күндіз 0…-2 градус, қар, бұрқасын болады.
Абай облысында түнде -5…-10 градус, күндіз -2…-7 градус аралығында, Семей қаласында түнде және күндіз -6…-8 градус, қар жауады.
Қызылорда облысында түнде -2…-10 градус, күндіз 0…-2 градус суық. Қызылордада түнде -6…-8 градус, күндіз 0…-2 градус суық.
Жамбыл облысында түнде 0…-8 градус, күндіз +5…+10 градус жылы. Тараз қаласында түнде 0…+2 градус, күндіз +5…+7 градус жылы болады.
Айтқандай, Burger King желісінің басшылығы аутизмге шалдыққан Әлібекке қатысты дау-дамайды реттеудің орнына, жанжалдың шоғын одан әрі үрлей түсті.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

