Қазақстанда 24 ақпан күні ел аумағында ауа райы күрт өзгеріп, бірнеше өңірде күн суытады деп болжануда. Осыған орай, синоптиктер ұсынған еліміздің өңірлеріндегі ауа райы туралы толық ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Астана: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 11-13 градус аяз, күндіз 0 градус шамасында.
Алматы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел жылдамдығы 2-7 м/с. Температура түнде 0-2 градус аяз, күндіз 13-15 градус жылы.
Шымкент: көшпелі бұлтты, кейде жаңбыр жауады, күннің екінші жартысында қатты жаңбыр. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 градус жылы, күндіз 11-13 градус жылы.
Ақмола облысы: батыс, оңтүстікте қар, төмен боран, күндіз қар аралас жаңбыр, көктайғақ. Тұман түседі. Жел шығыстан 9-14 м/с, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с. Температура түнде 9-14, батыс, оңтүстікте 6 градус аяз, күндіз 3 градус аяздан 2 градусқа дейін жылы, солтүстікте 6 градус аяз. Көкшетауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Температура түнде 11-13, күндіз 4-6 градус аяз.
Алматы облысы: жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, жылдамдығы 9-14 м/с, кейде екпіні 17-22 м/с. Температура түнде 2 градус аяздан 3 градусқа дейін жылы, солтүстік және таулы аудандарда 7-12 градус аяз, күндіз 10-15, солтүстікте, таулы аудандарда 0-5 градус жылы. Қонаевта көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Температура түнде 0-2 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы.
Жетісу облысы: жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с, Алакөл көлдері ауданында 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с. Температура түнде 7-12 градус аяз, оңтүстікте 1 градус, таулы аудандарда 17 градус аяз, күндіз 8-13, шығыста, таулы аудандарда 2 градус жылы. Талдықорғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Температура түнде 10-12 градус аяз, күндіз 8-10 градус жылы.
Түркістан облысы: түнде солтүстік, батыс, таулы аудандарда жаңбыр аралас қар, күндіз жаңбыр, оңтүстікте қатты жаңбыр, найзағай. Солтүстікте тұман. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 8-13 м/с, солтүстік, оңтүстік, таулы аудандарда 15-20 м/с. Температура түнде 2-7 градус жылы, күндіз 11-16, солтүстік, таулы аудандарда 8 градус жылы. Түркістанда көшпелі бұлтты, кейде жаңбыр. Температура түнде 3-5, күндіз 11-13 градус жылы.
Батыста қар жауып, тұман басады
Батыс Қазақстан облысы: түнде қар жауады, күндіз батыс, солтүстікте қар. Тұман, төмен боран. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Температура түнде 8-13 градус аяз, оңтүстікте 5 градус, күндіз 5-10, оңтүстікте 2 градус аяз. Оралда бұлтты, қар, төмен боран, тұман. Температура түнде 9-11, күндіз 5-7 градус аяз.
Атырау облысы: батыс, солтүстікте қар, тұман. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Температура түнде 9-14, шығыста 17 градус аяз, күндіз 3-8 градус аяз. Атырауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Температура түнде 12-14, күндіз 4-6 градус аяз.
Маңғыстау облысы: күндіз батыс, оңтүстікте жаңбыр аралас қар, тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с. Температура түнде 5-10, солтүстікте 14-19 градус аяз, күндіз 3 градус аяздан 2 градусқа дейін жылы, солтүстікте 7 градус аяз. Ақтауда күндіз жаңбыр аралас қар, көктайғақ. Тұман. Температура түнде 8-10, күндіз 0-2 градус аяз.
Ақтөбе облысы: түнде қар, боран, оңтүстік, шығыста қатты қар. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с. Температура түнде 11-16, шығыста 7 градус аяз, күндіз 5-10, шығыста 2 градус аяз. Ақтөбеде күндіз қар. Температура түнде 13-15, күндіз 8-10 градус аяз.
Қостанай облысы: қар, боран, кей жерде жаңбыр аралас қар, тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Температура түнде 8-13, күндіз 3-8 градус аяз. Қостанайда таңертең және күндіз қар, боран. Температура түнде 8-10, күндіз 4-6 градус аяз.
Солтүстік Қазақстан облысы: кей жерде қар, төмен боран. Жел шығыстан 9-14 м/с. Температура түнде 14-19, күндіз 7-12 градус аяз. Петропавлда жауын-шашынсыз. Температура түнде 15-17, күндіз 7-9 градус аяз.
Павлодар облысы: жауын-шашынсыз, кей жерде тұман. Температура түнде 13-18 градус аяз, күндіз 2-7 градус аяз. Павлодарда жауын-шашынсыз. Температура түнде 13-15, күндіз 2-4 градус аяз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

