Әлемге әйгілі ғалым Стивен Хокинг қара құрдымдар туралы зерттеулерімен ғана емес, адамзат болашағына қатысты батыл пікірлерімен де танымал болған, деп жазады Ertenmedia.kz.
Оның көптеген ойлары оптимистік емес, керісінше ескерту сипатында болды. Хокингтің айтуынша, адамзаттың жойылып кету қаупі бар, бірақ оны алдын алуға мүмкіндік те жеткілікті.
Ғалымның пікірінше, ең үлкен мәселе – адамзаттың бір ғана планетада өмір сүруі. Егер Жерде ғана қалсақ, бір астероид, бір індет немесе бір ірі соғыс бүкіл өркениетті жойып жіберуі мүмкін. Хокинг адамзатқа қауіп төндіретін бірнеше негізгі сценарийді атап өткен.
Климаттың өзгеруі
Ғалым жаһандық жылынудың қайтымсыз деңгейге жету қаупі бар екенін ескерткен. Оның пікірінше, егер бұл үдеріс бақылаудан шықса, Жердің климаты Венераға ұқсап кетуі мүмкін. Кейбір сарапшылар мұны тым асыра айтылған пікір деп санаса да, климаттың адам өміріне қолайсыз бағытқа өзгеретіні даусыз.
Жасанды интеллект
Хокинг ЖИ-ді адамзат тарихындағы ең үлкен жетістік немесе ең үлкен апат болуы мүмкін технология деп бағалаған. Оның пікірінше, егер жасанды интеллекттің мақсаттары адамзаттың мүддесімен сәйкес келмесе, үлкен қауіп туындайды. Бұл жағдайда адамдар табиғаттағы жануарлар сияқты өз маңызын жоғалтуы мүмкін.
Гендік инженерия
Хокинг болашақта адамдар өз интеллекті мен мінез-құлқын өзгерте алатын деңгейге жетеді деп болжаған. Бірақ бұл технология тек байларға қолжетімді болса, қоғамда жаңа теңсіздік пайда болады. Сонымен қатар генетикалық өзгертілген вирустар да қауіпті болуы мүмкін.
Ғарыштағы өркениеттер
Хокинг бөтен тіршіліктің бар-жоғын нақты айтпағанымен, олармен байланыс орнату қауіпті болуы мүмкін деп есептеген. Оның пікірінше, дамыған өркениет Жерге жетсе, адамзатты ресурстар ретінде қарастыруы ықтимал.
Бесінші және ең маңызды мәселе – басқа планеталарды игерудің кешеуілдеуі. Хокингтің айтуынша, адамзаттың тірі қалуы үшін ғарышқа шығу – жалғыз нақты шешім. Егер адамдар бірнеше планетада өмір сүрсе, бір апат бүкіл өркениетті жоя алмайды.
Ғалым бұл бағыттағы алғашқы қадамдар алдағы 100 жыл ішінде басталуы тиіс деп есептеген. Себебі ол алдағы мың жылда ядролық соғыс немесе экологиялық апат орын алуы мүмкін екенін жоққа шығармаған.
Хокингтің негізгі ойы қауіптердің көптігі емес, оларға дайын болу қажеттілігі. Оның пікірінше, адамзат болашағы технологияға ғана емес, оны қалай қолданатынына байланысты.
Саясаттанушы Тимур Сейітмұратов Иранның соңғы әрекеттері аймақтағы елдерді, керісінше, АҚШ-ты әскери операцияларды соңына дейін жеткізуге итермелеп отырғанғанын алға тартты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







