Үйдегі Wi-Fi әлсіреуінің себебі кейде күтпеген жерден шығады. Солардың бірі аквариум немесе суға толы үлкен ыдыстар, деп жазады Ertenmedia.kz.
Мәселе судың радиотолқындарды жақсы сіңіруінде. Wi-Fi көбіне 2,4 ГГц жиілігінде жұмыс істейді, ал дәл осы жиілікті микротолқынды пеш те пайдаланады. Су бұл толқындарды өзіне тартып, сигналдың қуатын әлсіретеді. Нәтижесінде интернеттің жылдамдығы төмендеп, қамту аймағы қысқарады.
Әсіресе теңіз аквариумдары көбірек кедергі келтіреді. Себебі тұзды су электр өткізгіштігі жоғары болғандықтан, сигналды одан да қатты жұтады. Зерттеулерге сәйкес, тұзды суда Wi-Fi сигналының жоғалуы тұщы суға қарағанда 2-3 есе көп.
Бұған қоса аквариум ішіндегі жабдықтар да әсер етуі мүмкін. Фильтрлер, жарық шамдары және басқа құрылғылар қосымша электромагниттік кедергі тудырады.
Мамандардың кеңесі – роутерді аквариумнан алыс орналастыру. Тіпті бірнеше метрге жылжыту да сигнал сапасын айтарлықтай жақсарта алады.
Үйдегі интернеттің баяулауының басқа да себептерін тілшілеріміз жазған болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







