Қостанай облысында мемлекеттік қаржының тиімді жұмсалуын тексерген аудиторлар бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады. Әсіресе дәрігерлік амбулаторияларды салуға арналған медициналық құрал-жабдықтардың бағасы бірнеше есе көтерілгені белгілі болды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Тексеру барысында анықталғандай, медициналық жабдықтар сметалық құжатта көрсетілген бағадан шын мәнінде 18-46 есеге дейін арзанға сатып алынған. Ал кейбір жабдықтардың құны банкрот деп танылған компаниялардың прайс-листері бойынша белгіленген. Нәтижесінде, медициналық құрал-жабдықтар бағасы шамамен 200 млн теңгеге жасанды түрде көтерілген.
Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу саласында жалпы сомасы 12 млрд теңге болатын өрескел заңбұзушылықтар анықталды.
Олардың қатарында конкурс талаптарына сәйкес келмейтін компанияларды жеңімпаз деп тану, еш негізсіз «қызметтік пайдалану үшін» деген белгі қою арқылы арнайы тәртіппен сатып алу және төтенше жағдайларды сылтау етіп, бір көзден сатып алу жағдайлары жиі тіркелген.
Аудиторлар жол-құрылыс жұмыстарының сапасына да сын айтты. Облыстағы 12 нысанды тексеру кезінде асфальт жамылғысының бірнеше жерде шөгіп, бүлінгені анықталған.
Жалпы, қаржылық бұзушылықтардың көлемі 51 млрд теңгеге жетсе, бюджеттік қаражатты тиімсіз жоспарлау мен пайдалану көлемі 50 млрд теңгені құраған. Аталған фактілер бойынша 52 материал әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін тиісті органдарға жіберілді.
Күніне екі-үш литр су ішу шынымен қажет пе, әлде оның нақты нормасы жоқ па? Бұл сұрақ салауатты өмір салтын ұстанушылар арасында әлі күнге дейін пікірталас тудырып келеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







