Синоптиктер сәуір айының алғашқы үш күніндегі Астана мен Алматыдағы ауа райына болжам жасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Астанада 1-3 сәуір күндері жауын-шашын күтілмейді, күн райы ашық әрі жылы болады. 1 сәуірде түнде -1…+1 градус, күндіз ауа +13…+15 градусқа дейін жылынады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 5-10 метр секундты құрайды.
2 сәуір күні ауа температурасы күндіз +16…+18 градус аралығында, ал түнде -1…+1 градус болады. Желдің бағыты оңтүстік-шығысқа ауысып, жылдамдығы 2-7 м/с аспайды.
3 сәуірде күн одан әрі жылынып, күндіз ауа температурасы +18…+20 градусқа жетеді. Түнгі мезгілде де айтарлықтай жылу байқалып, +2…+4 градус аралығында болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы – 2-7 м/с.
Алматыда сәуір айы жазға бергісіз жылы ауа райымен басталады. 1 сәуірде күндіз +25…+27 градус, түнде +12…+14 градус болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы 3-8 м/с құрайды.
2-3 сәуір күндері Алматыда жылы ауа райы сақталып, күндізгі температура +25…+27 градустан аспайды, түнде +11…+13 градус аралығында болады. Жел бағыты солтүстік-шығысқа ауысып, 3-8 м/с жылдамдықпен соғады.
Синоптиктер алдағы күндері Қазақстанның көптеген өңірлерінде ауа температурасы +32 градусқа дейін көтерілетінін хабарлады. Алайда елдің батысы мен оңтүстіктегі таулы аудандарында жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді деп болжануда.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







