Сарыағаш ауданында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық жобасының «Жасыл аймақ» бастамасы аясында жаппай көшет отырғызу жұмыстары жүргізілді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Іс-шараның басты мақсаты аймақты көгалдандыру, экологиялық жағдайды жақсарту және тұрғындар арасында табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру.
Экологиялық шараға 100-ге жуық ерікті жастар мен белсенді тұрғындар қатысып, аудан аумағына 200 түп ағаш көшеттерін отырғызып, маңайын абаттандырды.
– Бұл өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған маңызды бастама. Сонымен бірге, жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. «Таза Қазақстан» жобасы аясында көгалдандыру және тазалық жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады. Жастар бұл бастаманы бірауыздан қолдап отыр, – деді облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Ернар Бектаев.
Түркістан облысы аумағындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 678 шақырымды құрайды. Осы жолдардың бойында 107 көпір мен 625 су өткізгіш құбыр орналасқан.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







