9 сәуірге арналған ауа райы болжамы: Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, бейсенбі күні ел аумағында ауа райы құбылмалы болады. Бірқатар өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай күтілуде. Солтүстік аймақтарда екпінді жел күшейіп, ауа температурасы төмендейді деп болжануда.
Елордада көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады. Жел жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +15…+17°C.
Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 3-8 м/с, екпіні 15 м/с дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы +10…+12°C, күндіз +14…+16°C.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің күші 8-13 м/с. Түнгі уақытта +8…+10°C, күндіз +18…+20°C.
Ақтауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел 5-10 м/с. Түнде +6…+8°C, күндіз +13…+15°C.
Ақтөбеде күн құбылмалы, жауын-шашын күтілмейді. Жел 3-8 м/с. Түнде +4…+6°C, күндіз +18…+20°C.
Атырауда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 4-9 м/с. Түнде +5…+7°C, күндіз +11…+13°C.
Жезқазғанда күн бұлтты, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің күші 9-14 м/с. Түнде +8…+10°C, күндіз +15…+17°C.
Қарағандыда ауа райы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы +5…+7°C, күндіз +15…+17°C.
Көкшетауда ауа райы құбылмалы, жаңбыр жауады. Жел 9-14 м/с. Түнде +2…+4°C, күндіз +8…+10°C.
Жаңбыр жауады
Қонаевта күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түнде +9…+11°C, күндіз +13…+15°C.
Қостанайда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің күші 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде +3…+5°C, күндіз +10…+12°C.
Қызылордада ауа райы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14 м/с. Түнде +10…+12°C, күндіз +20…+22°C.
Павлодарда бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел 9-14 м/с. Түнде +2…+4°C, күндіз +11…+13°C.
Петропавлда күн құбылмалы, жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауады. Желдің күші 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде 0…+2°C, күндіз +9…+11°C.
Семейде күн құбылмалы, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел 5-10 м/с. Түнде 0…+2°C, күндіз +17…+19°C.
Талдықорғанда күн құбылмалы, жаңбыр жауады. Жел 5-10 м/с. Түнде +8…+10°C, күндіз +17…+19°C.
Таразда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 7-12 м/с. Түнде +9…+11°C, күндіз +16…+18°C.
Түркістанда ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде +9…+11°C, күндіз +20…+22°C.
Оралда күн бұлтты, жаңбыр жауады. Желдің күші 9-14 м/с. Түнде +3…+5°C, күндіз +12…+14°C.
Өскеменде күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Желдің күші 1-6 м/с. Түнде 0…+2°C, күндіз +18…+20°C.
Қазақстанда жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын негізсіз көтеріп, заң талаптарын орындамаған кәсіпкерлерден 56 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







