Forbes Women Kazakhstan журналы алғаш рет Қазақстандағы ең бай 25 әйелдің рейтингін жариялады. Рейтингке енгендердің жалпы байлығы 8,1 млрд долларды құрады. Бұл рейтингтің ерекшелігі әйелдердің көпшілігі отбасылық немесе серіктестік бизнес арқылы табысқа жеткен, деп жазады Ertenmedia.kz.
Рейтинг көшін Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаева бастап тұр. Оның жалпы байлығы 5,4 млрд доллар. Динара Құлыбаева Halyk Bank-тегі үлесі мен коммерциялық жылжымайтын мүлік активтерін бақылайды.
Рейтингтің алғашқы бестігіне кіргендер:
Мұқадасхан Ибрагимова — 650 млн доллар (Eurasian Resources Group үлесі);
Дариға Назарбаева — 550 млн доллар (медиа-активтер);
Анжела Сәрсенова — 249 млн доллар (жанармай мен ритейл бизнесі);
Айжан Есім — 207 млн доллар (өнеркәсіп және тамақ өндірісі).
Бұл рейтингте алғашқы орын айрықша көзге түседі. Бірінші орын алған Динара Құлыбаева жалпы капиталдың үштен екісін иеленген. Сондай-ақ, алғашқы бестік бүкіл рейтинг байлығының басым бөлігін құрап отыр.
Рейтингке енген өзге де танымал бизнес-әйелдер:
Айдан Сүлейменова — 175 млн доллар (құрылыс және люкс-ритейл);
Қаншайым және Жанна Сейтжановалар — 84 млн доллар (отбасылық өндірістік топ);
Алена Сүлейменова — 73 млн доллар (люкс-ритейл);
Гаухар Қаппарова мен Гүлнар Досаева — 65 және 61 млн доллар (Lancaster Group);
Раушан Сағдиева — 57 млн доллар (Құлыбаевтар бизнес тобы серіктесі);
Ирина Козлова мен Александра Соколова — 52 млн доллар (қаржылық сервистер мен ломбардтар);
Любовь Дружинина — 50 млн доллар (тамақ өнеркәсібі);
Сәуле Сейсембаева — 48 млн доллар (агробизнес);
Элеонора Баталова — 44 млн доллар (баспа бизнесі);
Карина Сәрсенова — 42 млн доллар (медиа және құрылыс);
Әлия Маханова — 39 млн доллар (ломбард және зергерлік бизнес);
Наталья Акентьева — 36 млн доллар (Bank RBK);
Сәуле Зейнолла — 35 млн доллар (химиялық дистрибуциялық бизнес);
Амина Касымова — 34 млн доллар (сақтандыру);
Сандуғаш Кемелбаева — 34 млн доллар (жылжымайтын мүлік);
Галина Зкрияева — 33 млн доллар (ритейл және HoReCa);
Амина Ажмағанбетова — 31 млн доллар (машина жасау);
Гаухар Әбіқаева — 30 млн доллар (зергерлік ритейл);
Жанна Кан — 28 млн доллар (fashion және зергерлік бизнес).
Бұған дейін Forbes-тің 2026 жылғы әлемдік миллиардерлер рейтингі жарияланған болатын. Бұл тізімде алғаш рет Қазақстаннан екі кәсіпкер – Нұрлан Смағұлов пен Айдын Рахымбаев та бар.
Қазақстанда ипотекалық бағдарламалар көп, бірақ олардың шарттары айтарлықтай ерекшеленеді. 2026 жылдың сәуірінде қолжетімді ипотекалық бағдарламалардың негізгі шарттарын Ertenmedia.kz сайты жазады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







