Қазақстанда мерзімді әскери қызметтегі сарбаздарға 2026 жылдың 18 сәуірінен бастап жаңа несие мен микрокредит беруге уақытша тыйым салынды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2026 жылдың 20 наурызындағы №13 қаулысымен әскер қатарына шақырылған азаматтарға несие беру мен төлемдерді кейінге шегерудің жаңа тәртібін бекітті.
Жаңа ережеге сәйкес, сарбаздардың несие тарихы мен қызмет ету мәртебесі туралы деректер Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы жиналып, несие бюроларына беріледі. Мұнда әскери қызметшінің ЖСН, толық аты-жөні, туған күні, қызметтегі мәртебесі мен әскерге шақырылған күні көрсетіледі.
Бұл ақпарат негізінде несие бюролары сарбаздың бұған дейін алған несиелері мен микрокредиттерін анықтап, банктер мен микроқаржы ұйымдарына хабар береді. Ал қаржы ұйымдары мерзімді әскери қызметте жүрген азаматтарға берілген барлық несиелер мен микрокредиттер бойынша төлемдерді уақытша тоқтатады. Төлемдердің кейінге шегерілуі туралы мәлімет несие бюроларына жолданады.
Несие бюролары бұл деректерді жылына екі рет 5 қаңтарға және 5 шілдеге дейін құзырлы органдарға тапсырып отырады.
Сарбаз әскерден қайтқан кезде бұл ақпарат қайтадан жүйеге енгізіліп, несие бюроларына жіберіледі. Одан соң несие бюролары банктер мен қаржы ұйымдарына хабар беріп, төлемдерді кейінге шегеру тоқтатылады. Сол күннен бастап, бұрынғы сарбаздардың несиелері мен микрокредиттеріне пайыздық үстемелер қайтадан есептеле бастайды.
Бұған қоса, жаңа ереже бойынша қаржы ұйымдары азаматқа несие бермес бұрын оның әскери қызметте емес екенін тексеруге міндетті. Осылайша, жаңа несие беру қатаң бақылауға алынбақ.
Ұлттық қорға мұнай-газ компанияларынан наурыз айында түскен қаражат көлемі 83 млрд теңгені немесе 175,6 млн долларды құрады. Бұл қор құрылған 2001 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







