Астанаға ұшып келген ұшақта кәмелетке толмаған балаларға қатысты жағымсыз оқиға тіркелді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Мәліметке сәйкес, Екатеринбургтен жарысқа қатысып қайтқан 2017 жылы туған жас хоккейшілер отырған ұшақта әскери киім киген ер адам балаларға тиісіп, тәртіп бұзған.
Куәгерлердің айтуынша, ол балағат сөздер айтып, қарумен атқандай қимыл көрсетіп, балаларға «сендер ұйықтап жатқанда мен соғыста болдым» деп агрессия танытқан.
Сондай-ақ ол жанжал шығаруға әрекеттенген. Жағдайды бортсеріктер мен команданың жаттықтырушысы әрең тыныштандырған.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша көліктегі полиция департаменті тексеру жүргізіп жатыр. Құзырлы органдар оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.
22 жастағы Ернұр Алмаханның туыстары Қазақстан билігінен көмек сұрауда. Жас жігіт 2024 жылдың қыркүйегінде Алматыдан Дубайға жұмысқа аттанған, бірақ көп ұзамай сол жақтағы түрмеге түскен. Алайда, жігіттің жақындары мен адвокаты оған тағылған айыптың нақты мән-жайынан бейхабар екенін айтады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







