28 мамыр, бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей қалаларда жел күшейіп, екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Қонаев пен Таразда желдің күшеюі одан да қатты байқалуы мүмкін.
Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Түнде +15…+17 градус, күндіз +19…+21 градус жылы болады.
Алматыда да бұлтты ауа райы сақталады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні 15 м/с дейін күшеюі мүмкін. Түнде +14…+16, күндіз +23…+25 градус.
Шымкентте жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел 15–20 м/с дейін күшейеді. Түнде +15…+17, күндіз +25…+27 градус болады.
Батыс өңірлерде де жауын-шашын бар. Атырау мен Оралда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел екпіні 15–20 м/с жетеді. Ақтауда жауын-шашын күтілмейді, күндіз +23…+25 градус шамасында болады. Ақтөбеде жаңбыр жауып, күндіз ауа температурасы +17…+19 градусқа дейін төмендейді.
Орталықта Жезқазған мен Қарағандыда жаңбыр, найзағай және қатты жел болжанып отыр. Жезқазғанда күндіз +20…+22, Қарағандыда +18…+20 градус жылы.
Жел екпіні 23–28 м/с дейін жетеді
Солтүстікте Көкшетау, Қостанай, Петропавл және Павлодарда жаңбыр күтіледі. Кей жерде найзағай ойнап, жел күшейеді. Петропавлда жел 15–20 м/с жылдамдықпен соғады.
Шығыста Семей мен Өскеменде де жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Семейде күндіз +28…+30 градусқа дейін жылы болса, Өскеменде +26…+28 градус болады.
Оңтүстікте Таразда ауа райы күрделірек. Қалада жаңбыр, найзағай және қатты жел күтіледі. Жел екпіні кей уақытта 23–28 м/с дейін жетуі мүмкін. Түркістан мен Қызылордада жауын-шашынсыз, бірақ жел екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді.
Қонаевта жаңбыр мен найзағай болады. Жел екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 25 м/с дейін жетуі ықтимал. Талдықорғанда да жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Синоптиктер тұрғындарға жел күшейген кезде сақ болуға кеңес береді. Найзағай кезінде ашық жерде ұзақ жүрмеу, көлікті ағаштар мен әлсіз құрылымдардың жанына қоймау және жолға шығарда ауа райы жағдайын алдын ала ескеру маңызды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







