Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай және жел күшеюі күтіледі, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қазгидромет 9 шілде, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, елдің бірқатар өңірінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні де күшейеді.
Астанада күн ала бұлтты болады. Жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +32…+34°C болады.
Алматыда күн бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады. Екпіні 13 метрге дейін күшеюі мүмкін. Түнде +19…+21°C, күндіз +31…+33°C болады.
Шымкентте жауын-шашын күтілмейді. Алайда жел күшейеді. Оның екпіні секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +37…+39°C болады.
Актау, Ақтөбе, Атырау және Орал қалаларында жаңбыр жауады. Кей жерде найзағай ойнайды. Әсіресе Оралда жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін.
Қызылорда мен Түркістанда күн ыстық болады. Екі қалада да күндіз ауа температурасы +39…+41°C-қа дейін көтеріледі. Синоптиктер желдің күшеюі мүмкін екенін ескертті.
Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қонаев, Қостанай, Павлодар және Петропавл қалаларында жауын-шашын болмайды. Ауа райы негізінен ала бұлтты болады. Күндізгі температура +27…+37°C аралығында сақталады.
Семей, Тараз, Түркістан және Өскеменде де жел күшеюі ықтимал. Кей өңірде оның екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Мамандар тұрғындарға сақтық шараларын ұмытпауға кеңес береді.
Талдықорғанда жауын-шашын күтілмейді. Желдің екпіні секундына 14 метрге дейін барады. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +31…+33°C болады.
Синоптиктердің болжамынша, 9 шілде күні Қазақстанда ауа райы біркелкі болмайды. Бір өңірде аптап ыстық сақталса, енді бір аймақта жаңбыр мен найзағай байқалады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







