Жуырда Мәскеу биржасына АҚШ санкциясы салынды. Бұл көрші отырған Қазақстан нарығына, экономикасына қалай әсер етуі мүмкін? Сарапшылардың сөзінше, мұның елімізге айтарлық зияны тимейді, — деп хабарлайды Dalanews.kz.
The Times of Central Asia мәліметінше, АҚШ-тың Мәскеу биржасына (MOEX) қарсы санкция салуы қазақстандық қор биржасы (KASE) үшін қандай да бір құқықтық салдарға әкеп соқпайды, өйткені қазақстандық капиталдағы Ресейдің үлесі айтарлықтай көп емес. Бұл туралы KASE баспасөз қызметі мәлімдеген.
«12 маусымда АҚШ-тың шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) Мәскеу биржасын SDN тізіміне енгізді, бұл оның америкалық банктер мен депозитарийлердегі шоттары бұғатталады дегенді және АҚШ азаматтары мен резиденттері үшін ынтымақтастыққа тыйым салатынын білдіреді. Биржа валюта бөлімінде доллар мен еуро саудасын тоқтататынын мәлімдеді», — деп жазылған мәліметте.
Басылым мәліметінше, компанияның SDN тізіміне енгізілуінен оның барлық серіктесіне, соның ішінде үшінші елдердегі серіктестеріне екінші реттік санкциялар салынбайды. Жарғылық капиталының кемінде 50 пайызына иелік етсе ғана санкция салынған компаниялардың еншілес ұйымдарына шектеулер қойылуы мүмкін. Мосбиржа KASE акцияларының 13,1 пайызын иеленеді, яғни ол SDN тізіміне енген компанияның бақылауындағы компания болып саналмайды.
«Қазақстандық қор биржасы мен KASE клирингтік орталығы штаттық режимде жұмысын жалғастыруда. Стандартты ережелер бойынша сауда-саттық, клиринг және есеп айырысу жүзеге асырыла береді. KASE санкциялық шектеулерді ескере отырып, Мәскеу биржасымен іскерлік қатынастарды жалғастыру мүмкіндігін қарастырады», — делінген Қазақстан қор биржасының хабарламасында.
Былтыр қарашада KASE басшысы платформа санкция қаупін мұқият талдайтынын айтқан болатын.
Ал экономист Расул Рысмамбетов бұған дейін басылымға Ресейдегі бірқатар қаржы құрылымына қарсы санкция Қазақстанға тікелей әсер етпейтінін айтқан еді. Алайда Ресей билігінің әрекеттері Қазақстан үшін міндетті түрде зардаптарға әкеп соқтырады.
«Бір сәтте Ресейдің қаржы билігі санкциялардың қысымы олардың қызметін қиындатуға емес, олардың қаржылық құрылымын бұзуға бағытталғанын түсінеді», — деп жазды Рысмамбетов әлеуметтік желілерде.
Деген сарапшы рубльдің құнсыздануы қант, сүт және астық өндіретін қазақстандық кәсіпкерлерге әсер етеді деп санайды.