Ұлы Абайдың ұрпақтары референдумға қатысып, елдік таңдауларын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Абай облысы Қарауыл ауылында тұратын хәкім Абайдың ұрпақтары республикалық референдумға ұйымшылдықпен келіп, өздерінің азаматтық белсенділігін танытты.
Абай әулетінің өкілдері №162 референдум учаскесінде Конституцияға енгізілетін өзгерістер бойынша дауыс берді. Олар бұл әрекеттері арқылы еліміз үшін маңызды кезеңде бірлік пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.
Абай ұрпағы, Абай ауданының Құрметті азаматы Құсман Верлишев бүгінгі саяси шараның ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтті:
«Атамыз Абай елді бірлікке, жауапкершілік пен саналыққа шақырған. Осы ұстанымды жалғастырып, бүгін ел өміріндегі тарихи оқиғаға қатысып отырмыз. Әр азаматтың таңдауы – болашаққа қосқан үлесі. Бұл біздің ата-баба аманатына адалдығымыздың белгісі», – деді ол.
Ұлы ақынның ұрпақтары көрсеткен бұл өнегелі іс жастарға үлгі болып, ел болашағына деген жанашырлықты нығайта түспек.
USB-құрылғылар үнемі қосылып тұрса автомобиль аккумуляторын әлсіретіп, оны толық разрядтап жіберуі мүмкін. Назарға алыңыз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







