Жыл аяқталар тұста Маңғыстау жұртшылығы үшін қуанышты жаңалық жетті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Облыс басшысы Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен бірқатар сала мамандарына мемлекеттік наградаларды табыстады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы қарапайым еңбек адамының беделін арттырды. Шара жауапкершілігі мол, адал қызметтің қоғамдағы маңызын ерекше бағалауға арналған маңызды қадам болғаны анық. Осы бастаманың жалғасы ретінде Маңғыстау жерінде еңбек ерлерін ұлықтауға арналған мерекелік жиын ұйымдастырылды.
Салтанатты шарада аймақ басшысы еліміздің дамуы мен экономикалық өрлеуі тікелей кәсіби білікті мамандардың, өз ісіне адал берілген еңбек адамдарының арқасында жүзеге асатынын атап өтті.
Президент Жарлықтарына сәйкес мемлекеттік және қоғамдық қызметте белсенді еңбек еткен, әлеуметтік-экономикалық, өнеркәсіптік даму бағытында ерекше үлес қосқан бір топ азамат мемлекеттік наградаларға ие болды. Олардың арасында елге еңбегі сіңген ардагерлер, өз саласында ұзақ жылдар бойы абыроймен қызмет еткен мамандар бар.
Жиында еңбек озаттарына «Парасат» және «Құрмет» ордендері, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені, сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін» медальдары табысталды.
Марапат мемлекет тарапынан азаматтардың ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Өз кезегінде өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай еңбек майталмандарын шын жүректен құттықтап, олардың адал қызметі мен кәсіби біліктілігі жас буынға әрдайым үлгі-өнеге болатынын атап көрсетті.
– Қарапайым еңбек адамының күнделікті ісі, кәсібіне деген жауапкершілігі, адал ниеті мен терең біліктілігі мемлекетіміздің дамуының басты негізі. Бүгінгі салтанатты марапат сіздердің атқарған еңбектеріңіз бен азаматтық ұстанымдарыңызға берілген ерекше баға. Баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға бақ-береке тілеймін, – деді облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай.
Биыл Маңғыстауда еліміз бойынша алғаш рет түйе сүтін автоматтандырылған әдіспен сауатын цех ашылды.

