Көрнекті мемлекет қайраткері, өз алдына бір басқарушылық мектеп қалыптастырып кеткен біртуар тұлға Бердібек Сапарбаев тірі болса бүгін 73 жасқа толар еді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бердібек Машбекұлы тек мемлекеттік қайраткер ғана емес, мемлекеттік басқару саласында өз қолтаңбасын қалдырған ұстаз, азаматтықтың айрықша үлгісін көрсеткен жан болатын. Оның басшылығымен қызмет еткен азаматтардың көбі бүгінде жауапты қызметтер атқарып жүр. Солардың бірі Шығыс Қазақстан облысының қазіргі әкімі Жақсылық Омар.
– Мен Бердібек Машбекұлының қарамағында мемлекеттік қызметке келіп, жауапты лауазымдарда жұмыс істегенімді ерекше мақтан тұтамын. Ол кісі жан-жақты қолдау көрсетіп, жауапкершіліктің жоғары өлшемін бойымызға сіңірді. Нағыз кәсіби қалыптасуыма ықпал еткен өмірлік ұстазым болды, – деп жазды Жақсылық Омар.
Жақсылық Омардың айтуынша, Бердібек Машбекұлы айналасындағыларға өте жоғары талап қоя білетін, еңбекте адалдық пен жауапкершілікті жоғары бағалаған тұлға еді. Командасында қызмет еткен әрбір адамнан бастамашылдықты, жинақылықты, нақты нәтижеге жұмыс істеуді талап етті. Еңбекті, іскерлікті жоғары бағалап, жалқаулық пен немқұрайлылыққа мүлдем төзбеді.
– Бердібек аға үшін аянбай адал еңбек ету қарапайым өмірлік ұстаным ғана емес, тұтас өмір салты болатын. Ол кісінің әрбір ісі ел мүддесіне арналды. Қазір кейбір шенділер ешкімді еске алмай, бәрі өздігінен пайда болғандай жүретіні жасырын емес. Осы тұрғыдан алғанда, Жақсылық Омардың өмірлік ұстазын ұмытпай, жылы сөзін арнап отырғаны азаматтықтың үлгісі, – дейді Жақсылық Омар.
Халқымызда «Асқар тау алыстаған сайын биіктей түседі» деген сөз бар. Бердібек Машбекұлының өнегелі өмірі мен ел үшін атқарған ауқымды істерінің маңызы уақыт өткен сайын арта беретіні сөзсіз. Оның жарқын бейнесі мен өнегелі ісі ел жадында мәңгі сақталмақ. Осы орайда ұстазын ұмытпай, есімін ерекше құрметпен атап өткен Жақсылық Омардың азаматтығына риза болдық.
Болат Әбілов сайтымызға «Жұрт көкейінде Алтынбектің бейнесі батыл да парасатты саясаткер ретінде сақталып қалды. Ол елдегі өзгерісті бейбіт жолмен іске асыруды армандады» деп әріптесі жайындағы естелігімен бөлісті.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

