Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтың өңір тұрғындарын алдағы 15 наурызда өтетін референдум белсене қатысып, тарихи кезең сырт қалмауы үшін үндеу жасады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қадірменді жерлестер, ардақты ағайын!
Дана халқымыз қашанда аталы сөзге тоқтап, ел тағдыры шешілер сын сағатта дала демократиясының алтын діңгегі – билер институтының даналығына жүгінген.
«Тура биде туған жоқ» деген ұстанымды ту еткен бабаларымыз ең күрделі мәселелерді бірлікпен, парасатпен және ортақ келісіммен шеше білді. Осынау ұлы далада қалыптасқан әділдік пен тұтастық жолы – бүгінгі мемлекеттігіміздің басты тірегі.
Алдағы 15-наурыз сол тарихи сабақтастықтың заңды жалғасы, еліміздің ертеңін айқындайтын жауапты сәт. Референдум бұл әрбір азаматтың өз тағдырына, мемлекет ісіне тікелей араласуына берілген шынайы мүмкіндік.
Бұл күні тек таңдау жасап қана қоймай, бабалар аманатына адалдығымызды танытып, келер ұрпақ мақтанатын әділетті қоғамның іргетасын бекітеміз.
Тәртіп пен заңның үстемдігі – кез келген мемлекеттің мызғымас негізі. Сондықтан құқықтық жүйені нығайту арқылы біз тұрақтылық пен әділеттіліктің сақталуына жол ашамыз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







