Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитеті әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді толық электронды форматқа ауыстырды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бұл өзгеріс 2025 жылғы 11 қарашадан бастап күшіне енді. Енді барлық әкімшілік істер «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» (ӘІЖБТ) ақпараттық жүйесінде ғана жүргізіледі. Бұл жаңалық – әкімшілік іс жүргізуді цифрландыруға бағытталған шаралардың бірі.
Салық төлеушілердің қолайлылығы үшін Салық әкімшілігінің интеграцияланған жүйесінде (СӘИЖ) жаңа қызмет іске қосылды. Енді мемлекеттік кірістер органдарына шақыру туралы хабарлама электронды салық төлеуші ретінде тіркелген тұлғаларға электронды түрде жіберіледі.
Хабарлама:
СӘИЖ-дегі салық төлеушінің жеке кабинетіне;
электронды үкіметтің веб-қосымшасына;
қосымша ретінде салық төлеушінің мобильді телефонына 1414 нөмірінен SMS-хабарлама түрінде жіберіледі.
Аталған SMS-хабарлама тек ақпараттық сипатқа ие.
Қазақстан цифрлық төлемдер бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарына енді. Ал екінші жағынан, айналымдағы қолма-қол ақшаның көлемі рекордтық деңгейге жетіп отыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

