Қазір қоғамда қызу талқыланып жатқан маңызды мәселенің бірі Конституциялық реформалар, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Әлеуметтік желіде өз ой-пікірін білдірген отандастарымыздың ішінде спорт пен өнер жұлдыздары да аз емес. Солардың бірі – бокстан әлем чемпионы Айбек Оралбай өз оқырмандарын ел болашағына қатысты бірге таңдау жасауға шақырды.
– Мен үшін жарыстағы ең басты жетістік шаршы алаңға шығып, өз мүмкіндігімді жүз пайыз көрсету. Жеңістің кілті – жауапкершілікті өз мойнына ала білу, қиын сәтте тайсалмай соңына дейін күресу. Бұл жерде кім шыдамды, кім көбірек еңбектенеді, сол боксшының жеңіске жету мүмкіндігі жоғары.
Жауапкершілік тек спортта ғана емес, өмірде де, ел болашағында да маңызды ұғым. Ол жаңартылған Конституцияда кеңінен қамтылған. Баршаларыңызды 15 наурыз күні өтетін референдумға шақырамын. Таңдау жасау – нағыз жауапкершіліктің белгісі, – деп жазды әлем чемпионы.
Белгілі актер Ғани Құлжанов халыққа арнаған сөзінде Конституциямызға енгізілетін өзгерістер уақыт талабынан туындап отырғанын айтты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







