Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынның қарындасы Ким Ё Чжон – әлемдегі ең қауіпті әйел. Мұндай пікірді Солтүстік Корея жөніндегі сарапшы Сон-Юн Ли айтты, деп жазады Ertenmedia.kz.
Сарапшының пікірінше, қазір КХДР Еңбек партиясы Орталық комитетінің насихат және үгіт бөлімін басқаратын Ким Ё Чжон Солтүстік Корея билігінде екінші адамға айналды. Ол іс жүзінде Ким Чен Ынның орынбасары қызметін атқарып отыр.
– Ядролық қаруға ие тоғыз мемлекеттің ішінде билік тізгінін осыншалықты еркін ұстап отырған әйел адамды әлі көрген жоқпыз. Сондықтан мен оны әлемдегі ең қауіпті әйел деп атаймын, – дейді Сон-Юн Ли.
Оның айтуынша, Ким Ё Чжон Солтүстік Корея дипломатиясы үшін бұрын-соңды болмаған ерекше қару. Сарапшы пікірінше, дипломатиялық келіссөз кезінде оның жарқын жүзі мен сүйкімділігі АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың өзін де қарусыздандыруы мүмкін. Бірақ бұл сүйкімділік – қауіпті тұзақ, деп ескертті Сон-Юн Ли.
Күн жылып келеді, бірақ аспан тұрақты емес. Жаңбыр мен салқын ауа райы кей өңірлерді әлі де сынап тұр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







