Танымал шоумен мен диджей Air Astana ұшағының кешігуіне байланысты Астанада жоспарланған іс-шараға қатыса алмай қалды. Артынша сотқа жүгінуге мәжбүр болған, деп жазады Ertenmedia.kz.
Осылайша шоумен мен диджей азуын айға білеген әуе компаниясынан сот арқылы 2 миллион теңгеден астам өтемақы өндіріп алды. Осы жайттан елімізде азаматтардың құқықтық сауатының артқанын көрсетеді.
2024 жылы шоумен Артем Примак пен диджей Ян Пинчук Грузиядан Астанаға арнайы іс-шараға шақырылып, мейрамхана алдында келісімшартқа қол қойған. Бірақ Air Astana рейсті бір тәулікке кешіктіріп, екеуі Астанаға уақтылы жете алмай, іс-шараға қатыса алмаған.
Нәтижесінде екеуі ұйымдастырушыларға айыппұл ретінде миллион теңгеден астам қаржы төлеп, кейін сотқа жүгініп, бұл шығындарын Air Astana компаниясынан қайтаруды талап етті.
Сот рейстің кешігу себебі ұшқыштың ауруы екенін анықтап, бұл жағдай форс-мажорға жатпайтынын, сондықтан Air Astana толығымен жауапты екенін көрсетті.
Сот шешімі қарапайым жолаушылардың мүддесін қорғаудағы маңызды қадам. Құқықтық мәдениет пен сот әділдігі осындай жағдайда нақты жұмыс істеп жатқанын көру қуантады.
Айтпақшы, кофе ішу гипертонияның (жоғары қан қысымы) пайда болу қаупін арттырмайды екен. Ғалымдар 315 мыңнан астам адамның қатысуымен өткен 13 зерттеудің нәтижесін талдап, осындай қорытындыға келіпті.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

