Жасанды интеллектті қолдану арқылы қалаларды басқарудағы жаһандық трендті ұстанып отырған INTEGRA CITY компаниялар тобы GITEX Africa 2026 халықаралық көрмесінде бірегей цифрлық басқару экожүйесін ұсынды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Марракеште өткен бұл көрме Африка құрлығындағы ең ірі технологиялық іс-шаралардың біріне айналды. 7-9 сәуір күндері өткен көрмеге әлемнің 55 мыңнан астам қатысушысы, 1 500 халықаралық экспоненті мен 700-ден аса спикері жиналды.
INTEGRA CITY-дің ұсынған шешімдері қалалардың басқару жүйесін түбегейлі өзгертуге бағытталған. Бұл платформа арқылы қалалық қызметтерден жиналған барлық деректер бір орталыққа біріктіріліп, жасанды интеллект көмегімен талданады.
Осылайша, әртүрлі қалалық жүйелердің үздіксіз әрі үйлесімді жұмысы қамтамасыз етіледі. Платформаның ашық архитектурасы қолданыстағы құрылғылар мен бағдарламаларды алмастырмай-ақ, оларды оңай біріктіруге мүмкіндік береді.
INTEGRA CITY техникалық департаментінің директоры Илья Беляковтың айтуынша, бүгінде Марокко жасанды интеллект саласында өңірлік хабқа айналып келеді.
«Марокко жасанды интеллект технологияларын мемлекеттік сектордан бастап инфрақұрылымға дейін белсенді енгізуде. Елдің бұл бағытта дамуға деген стратегиялық ұстанымы Африкадағы жасанды интеллекттің рөлін нығайтуға ықпал етеді», – дейді ол.
INTEGRA CITY платформасының негізгі ерекшелігі – үлкен көлемдегі деректерді жылдам талдап, тәуекелдерді бағалайтын, ең тиімді шешім қабылдауға көмектесетін жасанды интеллект алгоритмдерін пайдалануы.
Көрмеде ұсынылған инновациялық шешімдер қатарына мыналар кіреді:
Sfera – қалалық инфрақұрылымды цифрлық басқару: көлік, коммуналдық қызметтер және экологиялық мониторинг.
Nexus – қоғамдық қауіпсіздік пен жол қозғалысын бақылаудағы AI-технологиялар. Nexus платформасы Кампалада (Уганда) жол ережесін бұзушылықтарды тіркеуде 97% дәлдік көрсеткен.
Kodex – мемлекеттік құжат айналымын автоматтандыруға арналған жүйе.
Bordex – маңызды инфрақұрылым объектілерін қорғауға арналған аналитикалық жүйе.

БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (WFP) да Африкадағы логистикалық хабында Integra платформасын пайдаланып отыр. Бұл жүйе гуманитарлық жүктердің шекаралардан өтуін тездетіп, жеткізілімдердің қауіпсіздігін арттырады.
INTEGRA CITY компаниясының аймақтық стратегиясында Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия және Түрікменстан ерекше орын алады. Орталық Азияда қала инфрақұрылымына жүктеме күн санап артып келеді. Осы тұрғыда қалаларды ақылды жүйелермен қамтамасыз ету және AI-шешімдерді енгізу қажеттілігі өзекті мәселеге айналды.
«Жақын арада жасанды интеллект технологиялары қалаларды анағұрлым қауіпсіз, ашық әрі тиімді етуге мүмкіндік береді. Африка елдері сияқты, Орталық Азия да цифрландыру саласында үлкен әлеуетке ие. Сондықтан біз осы аймақтардағы мемлекеттермен ұзақ мерзімді технологиялық серіктестікті дамытуды жоспарлап отырмыз», – деді Илья Беляков.
Айта кетейік, INTEGRA CITY бұған дейін де халықаралық көрмелерге белсенді қатысып келеді. Биыл ақпанда Каирде өткен Ai Everything Middle East & Africa (MEA) Egypt көрмесінде компания ақылды қалаларға арналған интеграцияланған AI-шешімдерін ұсынған болатын.
Компания туралы қысқаша анықтама:
INTEGRA CITY – халықаралық вертикалды интеграцияланған холдинг, цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын әзірлеуге маманданған.
Холдинг құрамында 3 мыңнан астам кәсіби маман жұмыс істейді.
INTEGRA CITY қалалық инфрақұрылымды басқаруға арналған толық циклді цифрлық шешімдер ұсынады және оларды әлемнің көптеген елдерінде енгізіп отыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







