Қазақстан Парламентіндегі екі депутат өздеріне жеткілікті деп санайтын зейнетақы мөлшерін ашық айтты. Мәжіліс депутаты Құдайберген Бексұлтанов пен Сенат депутаты Бекболат Орынбековтің бұл пікірі қоғамда бірден қызу талқы туғызды, деп жазады Ertenmedia.kz.
25 жылдан астам уақыт депутаттық қызметте жүрген Құдайберген Бексұлтанов адамның табысқа деген талабы әрқашан жоғары болатынын айтты. Оның сөзінше, адамға қанша табыс тапса да, бәрібір аз көрінуі мүмкін. Бірақ ең маңыздысы өз қажеттілігіңді шынайы бағалап, соған сай өмір сүре білу.
Мәжіліс депутаты қазіргі таңда өзі 246 мың теңге зейнетақы алатынын жеткізді. Оның пікірінше, мәселе тек соманың көлемінде емес, адамның өмір сүру дағдысы мен сұранысында да жатыр.
Ал Сенат депутаты Бекболат Орынбеков айына 200-250 мың теңге көлеміндегі қаражатпен өмір сүруге болатынын айтты. Оның пайымынша, бұл сома күнделікті негізгі қажеттіліктерді өтеуге жетеді.
Сенатордың сөзінше, ол да қарапайым халық секілді дүкенге барады, коммуналдық төлем төлейді. Сол себепті қазіргі жағдайда 250 мың теңгені өмір сүруге жеткілікті деңгей деп есептейді.
Сонымен бірге ол бұл соманы доллармен де салыстырып көрген. Оның айтуынша, шамамен 500 доллар көлеміндегі табысты өзге елдердегі көрсеткішпен де салыстыра қарауға болады.
Депутаттардың бұл пікірі қоғамдағы зейнетақы мөлшері, өмір сүру деңгейі және нақты күнкөріс құны туралы әңгімені қайта кү
шейтті. Өйткені қағаз жүзіндегі «жеткілікті» деген өлшем мен қарапайым халықтың күнделікті тіршіліктегі шынайы мүмкіндігі әрдайым бір жерден шыға бермейді.
Депутат Мұрат Әбенов қамауға алынған танымал блогер әрі заңгер Әділетхан Молдаханның ісіне қатысты ұстанымын білдірді. Мәжілісмен ұсталған азаматқа ешқандай қолдау көрсете алмайтынын мәлімдеді .
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







