Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласындағы Азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қабылдауға алдын ала жазылған азаматтар жұмысқа орналасу, тұрғын үй, жер мәселесі, әлеуметтік қолдау, еңбек даулары мен инфрақұрылымға байланысты түрлі өтініштерін жеткізді.
Атап айтқанда, Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылындағы жерасты су деңгейінің көтерілуі салдарынан тұрғын үйлерді су басу мәселесі қозғалды.
Сондай-ақ балаларға арналған ойын алаңдарын салу, тұрғын үй кезегін реттеу, өндірістік мекемелерге жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және еңбек құқықтарының сақталуына қатысты мәселелер қаралды.
Өңір басшысы әр тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерді шешу үшін жауапты басқармалар мен жергілікті атқарушы органдарға нақты тапсырмалар берді. Мәселелердің барлығы заң аясында қаралып, тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







