Алатау қаласында тұрғындардың қатынауына қолайлы болу үшін екі жаңа қоғамдық көлік бағыты ашылды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Жаңа №1 және №2 бағыттағы автобустардың салтанатты іске қосылу рәсіміне қала әкімі мен жергілікті ақсақалдар қатысты.
Жаңа маршруттар Құйған – Еңбек – Жаңа Арна – Әли – Жаңалық саяжайлары – Байсерке – Жаңа Талап – Жаңа Дәуір – Қоянқұс – Gate City – Өтеген батыр – Еркін ауыл бағыттарын қамтиды. Бұл бағыттар қала орталығы мен оған жақын елді мекендер арасында қатынауды айтарлықтай жеңілдетпек.
Қала басшысы алдағы уақытта қоғамдық көлік жүйесін дамыту жұмыстары тұрғындардың сұранысына сай жалғасатынын айтты.
Жаңа автобустардың жолға шығуы қала инфрақұрылымын жетілдіруге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
Алатау қаласында инфрақұрылымды дамыту мен халыққа қолайлы жағдай жасау жұмыстары жоспарлы түрде жалғасады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







