Алматылық кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері қала тұрғындарын алдағы республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бизнес қауымдастығының үндеуін белгілі кәсіпкерлер Арманжан Байтасов, Бейбіт Әлібеков, Мақсат Қиқымов, Раушан Әубәкірқызы, Ерлан Жайлаубай және Гүлнара Бижанова қолдады.
Олардың айтуынша, әр азаматтың осындай маңызды шараға қатысуы – ел болашағына қосқан үлкен үлес.
«Референдум қоғамның ертеңгі даму жолын айқындайтын маңызды шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беретін демократияның басты құралы», – деді кәсіпкерлер.
Белгілі бизнесмен Тимур Турлов Конституцияны білу мен талқылаудың маңыздылығына тоқталды.
– Конституция еліміздің құқықтық әрі мемлекеттік жүйесінің негізі. Сондықтан оның мазмұнын түсіну мен талқылауға белсенді қатысу әр азаматтың міндеті деп санаймын, – деді ол.
Сонымен қатар кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов та референдумға бей-жай қарамай, дауыс беруге шақырды.
– Жаңа Конституция бойынша бүкілхалықтық референдум 15 наурызда өтеді. Осы маңызды шарадан шет қалмаңыздар, белсенді болуға шақырамын, – деп үндеу жасады кәсіпкер.
Алматы қаласының кәсіпкерлері бұл жолы қала тұрғындары саяси науқанға белсенді атсалысып, ел тағдырына қатысты шешім қабылдауға үлес қосатынына сенім білдірді.
Айтқандай, Ertenmedia тілшілері авто сарапшылардың көмегімен алыс сапар алдында электромобиль иелеріне арналған маңызды ұсыныстарды әзірледі.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







