ҚР Орталық референдум комиссиясы жариялаған қорытындыға сәйкес, Алматы облысының тұрғындары референдумға ерекше жауапкершілікпен қатысып, белсенділік көрсетті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Өңірдегі дауыс беру құқығына ие 1 миллионнан астам азаматтың 71,46 пайызы, яғни шамамен 800 мыңға жуығы өз таңдауын жасады.
Әсіресе облыстың шалғай жатқан Райымбек, Кеген және Балқаш аудандарындағы халықтың белсенділігі ерекше жоғары болды. Бұл аудандарда тұрғындардың 90 пайыздан астамы референдумға қатысып, азаматтық жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.
Референдум өткізу барысында барлық учаскелер талапқа сай жұмыс істеді. Дауыс беру процесі ашық, әділ әрі заң аясында ұйымдастырылды. Қоғамдық тәртіп сақталып, дауыс беру кезінде ешқандай заңбұзушылық тіркелмеді.
Жалпы, Алматы облысы тұрғындарының бұл белсенділігі өңір халқының ел тағдырына бейжай қарамайтынын және қоғамның маңызды мәселелеріне қатысуға дайын екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







