Алматыда тұрғын үй құрылысы талаптары күшейтіледі. Бұған 1 шілдеде күшіне енетін жаңа Құрылыс кодексі негіз болады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Алматы қаласы қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен осы мәселеге арналған арнайы кеңес өтті. Қала басшысы құрылыс қауіпсіздігі күн тәртібінен түспейтінін атап өтті.
Жаңа кодекс құрылыс саласындағы талаптарды күшейтумен қатар, орталықтандырылған цифрлық басқаруды енгізуге жол ашады. Әсіресе, сейсмикалық қаупі жоғары әрі тау етегінде орналасқан Алматы үшін бұл ерекше маңызды.
Енді таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін міндетті түрде сейсмикалық микрозоналау жүргізіледі. Сонымен қатар сел қаупі, топырақ көшкіні сияқты қатерлер де ескерілетін болады. Мұндай аумақтарда жеңілдетілген жобалық шешімдерді қолдануға тыйым салынады.

Сондай-ақ егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының мәртебесі артып, оларды тығыз құрылыс үшін өзгертуге рұқсат берілмейді. Жобаларды екі жылда бір рет қана түзетуге болады.
Бұдан бөлек, жобалау және құрылыс ұйымдарының жауапкершілігі күшейтіліп, нысандарға берілетін кепілдік мерзімі ұзартылады.
Алматыдағы мектептерге теракт жасалады деген жалған ақпарат ата-аналарды дүрліктіріп, халықты үрей құшағында қалдырды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

