«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 28 желтоқсанда ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз, аязды ауа райы сақталады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Дегенмен батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын түсіп, жаңбыр аралас қар жаууы ықтимал.
Сонымен қатар республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің екпіні күшеюі мүмкін.
Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде сынап бағанасы –23 –25 градусқа төмендесе, күндіз ауа температурасы –12 –14 градус шамасында болады.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, бірақ тұман түседі. Түнде –2 –4 градус суық болса, күндіз ауа +3 –5 градусқа дейін жылынады.
Шымкентте күн бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +1 –3 градус аралығында болса, күндіз +8 –10 градус жылы болады.

