Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақпен қоқан-лоқы көрсеткен ер адам ұсталды. Оқиғаға қатысты видео әлеуметтік желіде тарап, қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Мәліметке қарағанда, дәрігерлер шақырту бойынша науқасты қарауға барған. Тексеру кезінде олар пациенттің мас күйде екенін байқап, қолында пышақ барын байқап қалады. Жағдайдың қауіпті екенін түсінген медицина қызметкерлері тәуекелге бармай, көліктің ішіне кіріп бекініп, бірден полиция шақырған.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Жетісу ауданында болған. Жедел жәрдем бригадасы шақырту орнына барған кезде агрессияны науқастың ұлы көрсеткен. Ол алкогольдік мас күйде болып, дәрігерлерге қоқан-лоқы жасап, қауіпті заттарды көрсеткен.
Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оқиға орнына полиция шақырылған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазір іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Полиция өкілдері жедел қызмет мамандарына жасалған кез келген қорқыту мен шабуыл заң аясында жауапкершілікке әкелетінін ескертті.
Айта кетейік, Қазақстанда жуырда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жаза күшейтілген болатын. Енді қорқыту дерегі үшін айыппұл, қоғамдық жұмыс немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Егер қылмыс ауырлататын мән-жаймен жасалса, жаза үш жылға дейін ұлғаяды. Ал өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолданылған жағдайда кінәлі адам 10-12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Астана прокуратурасы мен ҰҚК департменті жедел жәрдем станциясындағы миллиондаған бюджет қаржысын жымқыру схемасын әшкереледі.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







