Алматыда дауыс беру учаскелері ашылмай тұрып-ақ тұрғындар белсенділік танытып, өз таңдауын жасауға ерте жинала бастады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қалада сағат 07:00-де 653 референдум учаскесі ресми түрде ашылып, жалпыхалықтық референдумға дауыс беру басталды.
Алматыдағы №8 мектеп-гимназиясында бірден екі – №82 және №85 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр. Мұнда алғашқылардың бірі болып Ұзынағаштан келген Құмишай Есенбаева дауыс берді. Ол өз таңдауын тұрғылықты жерінен тыс жерде жасауда.
«Бүгін мен референдумға арнайы келіп қатысудамын. Мұны өзімнің азаматтық борышым деп санаймын», – деді Құмишай Есенбаева.
Дауыс беруге бірінші болып келгендердің қатарында алматылық Дина Утамбетова да бар.
«Осындай маңызды шаралар еліміздің болашағы үшін өте қажет. Сондықтан бүгін ерте тұрып, өз таңдауымды алғашқылардың бірі болып жасауды жөн көрдім», – дейді ол.
№85 учаскелік комиссияның төрағасы Айнұр Сүйіндікованың айтуынша, дауыс берушілерге барлық қолайлы жағдай жасалған.
«Учаскеде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы жағдайлар қарастырылған. Сондай-ақ дауыс беруге келгендерге естелікке суретке түсу үшін фотоаймақ дайындалды. Жалпы, біздің учаскеге 1850 азамат тіркелген. Оның ішінде 23 азамат бүгін алғаш рет дауыс береді. Олар үшін арнайы символикалық сыйлықтар да әзірледік», – дейді Айнұр Сүйіндікова.
Ғалымдар электроника саласында жиі қолданылатын қымбат әрі сирек кездесетін индий элементін қажет етпейтін жаңа мөлдір электрод жасап шығарды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







