Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының күрт бұзылуына байланысты тұрғындарға ескерту жарияланды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Синоптиктердің болжауынша, алдағы тәуліктерде республиканың басым бөлігінде тұман, көктайғақ және қатты жел күтілуде. Әсіресе Жамбыл, Алматы және Түркістан облыстарының таулы аймақтарында қалың қар жауып, су тасқыны қаупі де бар.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында түнгі уақытта қалың қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс пен таулы аймақтарда 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с-ке дейін күшейеді. Тараз қаласында да тұман мен көктайғақ болады деп күтілуде. Сондай-ақ, 13-15 ақпан аралығында облыстың тау бөктеріндегі өзендерінде су деңгейі көтеріліп, елді мекендерді су басу қаупі бар.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 15 м/с-ке жетеді.
Ұлытау облысының солтүстік, шығыс және батыс аудандарында тұман күтілуде. Желдің жылдамдығы солтүстікте және оңтүстікте түнде 15 м/с-ке дейін барады.
Маңғыстау облысының батыс және оңтүстік аудандарында түнде көктайғақ болады. Облыстың орталығы мен оңтүстігінде тұман, жел оңтүстік-шығыстан соғып, Ақтауда күндіз 15-20 м/с-ке күшейеді.
Қостанай облысының батысында, шығысы мен оңтүстігінде тұман болжануда. Жел оңтүстік-батыстан соғып, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Ақтөбе облысының батыс, солтүстік, шығыс бөлігінде тұман түседі.
Түркістан облысының батыс, оңтүстік, орталық және таулы аудандарында жаңбыр аралас қар, кейбір аудандарда қалың қар жауады. Өңірде тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Желдің жылдамдығы солтүстікте және таулы аймақтарда 15-20 м/с күшейеді. Шымкент пен Түркістан қалаларында да көктайғақ, тұман болып, күндіз жаңбыр, қар аралас жауын-шашын күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батыс, солтүстік, шығысында тұман күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с-ке күшейеді.
Қалың қар мен қою тұман
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік, оңтүстік және орталығында тұман түседі. Өскеменде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Абай облысының солтүстік, оңтүстік және орталық аудандарында тұман, Аягөз ауданында желдің екпіні 15-20 м/с. Семейде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында тұман болжануда. Қызылорда қаласында да кей уақытта тұман түседі.
Ақмола облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтілуде, желдің екпіні 15-18 м/с дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының батыс бөлігінде тұман түседі. Петропавл қаласында жел оңтүстік-батыстан соғып, 15-20 м/с-ке күшейеді.
Алматы облысының таулы аудандарында қалың қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың солтүстік және оңтүстік аудандары мен таулы жерлерінде тұман түседі. Желдің екпіні оңтүстікте және таулы аудандарда 15-20 м/с күшейеді. Қонаев қаласында түнде және таңертең тұман мен көктайғақ болады.
Алматы қаласында да тұман түсіп, көктайғақ күтілуде.
Синоптиктер тұрғындарды сақтық шараларын күшейтіп, алыс сапарға шықпауды ескертеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

