Харк аралындағы мұнай терминалы Иран экономикасының күретамыры іспетті. Парсы шығанағының солтүстік бөлігіндеорналасқан осы шағын аралды Иран экономикасының «алтын қақпасы» десе болады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Себебі, әлемдік нарыққа шығарылатын ирандық мұнай мен мұнай өнімдерінің 90 пайыздан астамы осы аралдан өтеді. Аралдың ауданы небәрі 20 шаршы шақырым болғанымен, стратегиялық маңызы орасан зор. Харк мұнай терминалы әлем бойынша аса ірі, ең заманауи терминалдардың бірі.
Терминалға алып кемелер мен супертанкерлер еш кедергісіз кіріп-шығып, әлемнің түкпір-түкпіріне мұнай тасымалдай алады. Бір уақытта тоғыз танкерге дейін бір мезетте тоқтай алатын терминалдың техникалық мүмкіндігі таңғалдырады. Әлемдегі ең үлкен танкерлердің де мұнда тоқтап, мұнайды жылдам әрі қауіпсіз тиеп алып кетуіне бар жағдай жасалған.
Харк терминалы тәулігіне 10 миллион баррель мұнайды өңдеп, экспортқа шығаруға мүмкіндік береді. Бұл әлемдік энергетикалық нарық үшін өте үлкен көлем саналады. Иранның экспорттық әлеуеті осы арал арқылы өтетіндіктен, Харк стратегиялық нысан ретінде мемлекеттің қатаң қорғауында.
Әскери күзеттің жоғары деңгейде болуы, заманауи радарлар мен әуе қорғаныс жүйесінің орналасуы терминалдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалған шаралар.
Алайда, дәл осы себептен Харк аралы Иранның геосаяси қарсыластарының басты нысанасына айналуы мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, аралға әскери соққы жасалса, Иран экономикасы орны толмас зардапқа ұшырайды.
Себебі, елдің бюджеттік түсімінің негізгі бөлігі мұнай экспортынан түседі. Егер осы аралдың инфрақұрылымы істен шықса, Иранның әлемдік мұнай нарығына өнім жеткізуі тоқтап, экономика бірнеше күн ішінде күйзеліске ұшырауы мүмкін. Мұндай жағдайда ирандық мұнай экспорттаушылар тез арада балама терминал табуға тырысқанымен, қолайлы инфрақұрылымның болмауы жағдайды одан әрі ушықтырады.
Сарапшылардың айтуынша, мұнай тасымалдау инфрақұрылымының ерекшелігі сол оның істен шығуы экономикалық зардапты ғана емес, ұзақ мерзімді саяси тұрақсыздыққа да алып келеді. Харк аралы осы жағынан өте сезімтал әрі қауіпті нүкте болып тұр. Сондықтан кез келген әскери шиеленіс кезінде бұл стратегиялық терминалдың қауіпсіздігін сақтау Иран үшін бірінші орында болуы тиіс.
Харк тек экономикалық емес, саяси тұрғыда да аса маңызды нысан. Оның тағдыры Иран экономикасының тағдырымен тікелей байланысты екенін әлемдік қауымдастық та, Иран үкіметі де жақсы түсінеді. Сондықтан Харк терминалына бағытталған ықтимал шабуылдың салдары бүкіл Парсы шығанағындағы жағдайды шиеленістіріп, әлемдік мұнай нарығында ауыр дағдарыс тудыруы әбден мүмкін.
Airbus компаниясының жаңа спутниктік кадрларында аятолланың кешені қара түтінге оранып, кейбір ғимараттары толықтай қираған көруге болады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







