Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының директоры сотталды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Алакөл аудандық сотының шешімімен «Алакөл мемлекеттік қорығы» РММ директоры Қ. Әбілқасымов, оның орынбасары Н. Бейсенов және бөлім басшысы Р. Шалапанов сотталды.
«Олар заңсыз шөп шабу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін жергілікті тұрғындардан алдын ала сөз байласу арқылы бірнеше рет пара алған», — деп жазылған хабарламада.
Абылқасымов пен Шалапановтың әрқайсына 10,5 млн теңге, ал Бейсеновке 15,7 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Алакөл ауданының екі тұрғынына лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін 6 млн теңге және 2,2 млн теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, сотталғандарға өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға тыйым салынады.
Сот үкімі заңды күшіне енді.