Венесуэланың уақытша үкіметі АҚШ-қа 30-дан 50 миллион баррельге дейін санкцияға іліккен жоғары сапалы мұнай жеткізбек, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп 7 қаңтарда өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді. Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын АҚШ күштері Венесуэла президенті Николас Мадуроны ұстау операциясын жүргізген болатын.
– Мұнай нарықтағы бағамен сатылып, қаржыны Венесуэла халқы мен АҚШ-тың мүддесіне жұмсалуын президент ретінде өзім бақылаймын, – деп жазды Трамп.
Оның айтуынша, Венесуэладан алынған мұнай кемелерге тиеліп, тікелей АҚШ порттарына жеткізіледі.
DPA агенттігінің хабарлауынша, мұнайдың бұл көлемі өте ауқымды қаржыны құрайды. Венесуэла мұнай қоры бойынша әлемде бірінші орында. 2005 жылға дейін бұл мемлекет АҚШ-тың негізгі мұнай жеткізушісі болған.
Алайда 2007 жылы Венесуэла президенті Уго Чавес елдегі мұнай өнеркәсібін мемлекет меншігіне өткізіп, американдық компаниялардың мүлкін тәркілегеннен кейін екі ел арасындағы мұнай саудасы тоқтаған еді.
Айтпақшы, қазақтың белгілі заңгері Айман Омарова АҚШ-та соңғы күндері орын алған оқиғаларға, әсіресе Венесуэладағы америкалық әскери операцияға байланысты тікелей эфирде талдау жасайтынын айтқан болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

