Қазақстанның оңтүстігінде 20 ақпан күні ауа райы күрт құбылады. Кейбір аудандарда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады, кей жерлерде жауын қатты жауады, сонымен қатар ауа температурасы айтарлықтай төмендейді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Астанада күн құбылмалы болғанымен, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 8-10 градус аяз шамасында.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Батыстан басталып, шығысқа ауысатын желдің екпіні 3-8 м/с болады. Түнде 4-6 градус жылы болса, күндіз 12-14 градусқа дейін жылиды.
Шымкентте күн райы құбылмалы, жауын-шашынсыз өтеді. Түнгі және таңғы уақытта тұман басуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соққан жел күндіз оңтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 8-13, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде 6-8 градус жылы, күндіз 22-24 градус жылылық сақталады.
Ақмола облысында күн ашық болады. Өңірдің солтүстігінде, шығысында және батысында тұман түседі. Шығыстан соғатын желдің күші күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнгі ауа температурасы 20-25, солтүстік-шығыста 28 градус аяз болса, күндіз 8-13 градус аяз шамасында, батыс және оңтүстік бөлігінде 5 градус аяз. Көкшетауда да ауа райы құбылмалы әрі ашық, жауын-шашын болмайды. Түнде температура 23-25, күндіз 11-13 градус аяз.
Алматы облысында жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік және оңтүстік, таулы аудандарында түнгі уақытта тұман басады. Батыстан басталып шығысқа ауысатын желдің күші 9-14 м/с-қа дейін, оңтүстік және таулы аудандарда 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде 1-6 градус жылы, таулы және солтүстік аудандарда 3-8 градус аяз, күндіз 10-15 градус жылы болады. Қонаев қаласында түнде 2-4 градус жылы, күндіз 10-12 градусқа дейін жылынады.
Жетісу облысының шығысында және таулы аудандарында қар аралас жаңбыр жауады. Орталық аудандарда жаңбыр жаууы ықтимал. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің жылдамдығы Алакөл маңында 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с болады. Түнде ауа температурасы шығыс және таулы аймақтарда 3-8 градус аяз, орталықта 0-5 градус жылы, күндіз 7-12 градус жылылық сақталады. Талдықорғанда түнде 0-2 градус жылы, күндіз 7-9 градус жылылық күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аудандарында күндіз жаңбыр жауады. Тұман басуы ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Температура түнде 5-10 градус жылы, күндіз 19-24 градусқа дейін көтеріледі. Түркістанда ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз болады, күндізгі температура 19-21 градус жылы.
Жаңбыр жауады
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар аралас жауын жауады, тұман, көктайғақ, боран болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде 4-9 градус аяз, күндіз 0-5 градус аяз күтіледі. Орал қаласында да қар аралас жаңбыр, боран, көктайғақ, тұман болжанды, температура түнде 4-6 градус аяз, күндіз 0-2 градус аяз.
Атырау облысында да осындай жағдай байқалады. Тұман түседі, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде және күндіз 3 градус аяз бен 2 градус жылылық арасында құбылады.
Маңғыстау облысында түнде және таңертең жауын-шашын жауады. Жел солтүстік-батыстан соғып, күші 23 м/с-қа дейін жетеді. Ақтауда түнде 3-5 градус жылы, күндіз 8-10 градусқа дейін жылиды.
Ақтөбе облысында түнде қар жауып, боран соғады. Желдің күші Мұғалжар ауданында 30 м/с-қа дейін күшейеді. Температура түнде 8-13 градус аяз, күндіз 3 градус аяз бен 2 градус жылылық арасында болады. Ақтөбеде түнде 9-11 градус аяз, күндіз 1-3 градус аяз күтілуде.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында күн ашық, бірақ тұман болады. Ауа температурасы түнде 20-25 градус аяз, күндіз 7-16 градус аяз шамасында сақталады. Петропавл мен Қостанайда күн райы ашық, жауын-шашын болмайды.
Ұлытау облысында күндіз қар аралас жаңбыр жауады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Жезқазғанда түнде 10-12 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылылық болады.
Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында қар жауып, боран мен көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы 23 м/с-қа дейін жетеді. Өскеменде түнде 15-17 градус аяз, күндіз 10-12 градус аяз күтілсе, Семейде күн ашық, түнде 14-16, күндіз 10-12 градус аяз болады.
Қызылорда мен Жамбыл облыстарында жаңбыр жауады. Тұман түседі. Қызылордада күндіз 15-17 градус жылы, Таразда 18-20 градус жылылық күтілуде.
Рамазан тек тамақтан ғана тыйылу емес, жан мен тәнді, ой мен істі тазарту кезеңі. Сондықтан әрбір мұсылман оразаның басталуы мен аяқталуында ниетін шын жүректен білдіруі тиіс. Рамазанның дұғаларын осы тұстан табасыз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

