16 ақпан, дүйсенбі күні ел аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Елдің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі жаңбыр мен қар аралас түседі. Солтүстік-батыста түнде қалың қар жаууы ықтимал, ал оңтүстікте күндіз нөсер жаңбыр болжанып отыр. Тек шығыста антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін.
Үш қаладағы ауа райы мынадай.
Астанада құбылмалы бұлтты болады. Күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, төменгі боран және көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады: түнде 2–7 м/с, күндіз 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде –10–12°С, күндіз 0–2°С шамасында.
Алматыда да құбылмалы бұлтты. Түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, күндіз жаңбыр жауады. Түнгі уақытта тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Температура түнде –1…+1°С, күндіз +9…+11°С.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +6…+8°С, күндіз +13…+15°С шамасында болады.
Айтпақшы, Бішкек қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті бас басқармасының бұрынғы жетекшісі Эльдар Жақыпбеков қамауға алынып, астаналық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалыпты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

