АҚШ пен Израиль сенбі күні Иранға бірлескен әскери шабуыл бастады. Алғашқы соққылар Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеидің кеңсесі маңында жасалды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Ирандық БАҚ ел аумағында бірнеше соққы болғанын хабарлады. Ел астанасы Тегераннан жарылыстан көтерілген түтін анық көрінуде.
АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желіде жарияланған видеомәлімдемесінде Америка Құрама Штаттары Иранға қарсы «ауқымды әскери операцияны» бастағанын айтты. Оның айтуынша, Иран ядролық бағдарламасын жалғастырып, АҚШ-қа дейін жететін зымырандарды әзірлеуге әрекет еткен.
Шабуыл алдында Дональд Трамп АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери күштерін соңғы ондаған жыл ішіндегі ең жоғары деңгейге жеткізіп, Иранды ядролық бағдарламаны тоқтатуға және елдегі жаппай наразылықтарды басып-жаншу әрекеттерін доғаруға мәжбүрлеу үшін күш қолданатынын бірнеше рет ескерткен еді.
Израиль Иранға алдын ала соққы жасады. Бұдан кейін Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац мәлімдеме жасағанын тілшілерміз жазды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







