«Эпикалық ашу» операциясы Қытайға жаһандық позициясы әскери қуатқа тікелей тәуелді екенін айқын көрсетті. АҚШ пен Израильдің Иранның ядролық және әскери инфрақұрылымына жасаған соққысы, әсіресе рухани көшбасшы Али Хаменеидің өлтірілуі, Тегеранның шекарасынан асып, Бейжіңнің стратегиялық жоспарын қайта қарауға итермеледі, деп жазады Ertenmedia.kz.
Операция Қытай үшін мүмкіндіктер мен тәуекелдерді қатар тудырғаны анық. Қысқа мерзімде бұл дипломатиялық және пропагандалық тұрғыдан тиімді болуы мүмкін. Орта және ұзақ мерзімде Қытайдың энергетикалық қауіпсіздігіндегі, технологиялық тәуелділігіндегі және геосаяси ұстанымындағы әлсіз тұстарды ашып берді.
Вашингтон үшін маңызды мәселе тек Ирандағы соғыс әрекеттерін басқару ғана емес, сонымен қатар бұл оқиғалардың АҚШ пен Қытайдың кеңірек қарама-қайшылығына қалай әсер ететінін түсіну қажет.
Энергетика Қытайдың әлсіз тұсы
Бейжің үшін ең осал тұс экономика және энергетика саласы. Қытай әлемдегі ең ірі мұнай импорттаушы ел, және Таяу Шығыс оның энергетикалық қоржынында басты орын алады. Соңғы жылдары Иранның мұнай экспортының шамамен 90%-ы Қытайға бағытталды, бұл санкциялар қаупі мен баға тұрақсыздығы жағдайында Қытай үшін тиімді болатын. Алайда, қазіргі жағдайда бұл артықшылық қауіпке айналды.
Ормуз бұғазындағы мұнай тасымалының бұзылуы мүмкін деген қауіп-қатерлердің өзі-ақ сақтандыру бағаларын көтеріп, танкерлердің бағытын өзгертіп, нарыққа тұрақсыздық әкеледі. Азияның өндірістік экономикасы мұнай бағасының көтерілуіне аса сезімтал келеді.
Қытайдың өсу моделі негізінен өнеркәсіп пен экспортқа негізделгенін ескерсек, энергетикалық ресурстар бағасының жоғарылауы жай ғана макроэкономикалық көрсеткіш емес, саяси тәуекелге айналады.
Егер қақтығыс жергілікті деңгейде ғана қалса, Қытай санкцияларға қарамастан мұнай жеткізуді жалғастыра алады, тіпті Ресей мен басқа елдер арқылы жеткізуді әртараптандыруы мүмкін. Бірақ теңіз тасымалы ұзақ уақытқа бұзылса, Қытай оның салдарын АҚШ-қа қарағанда әлдеқайда қатты сезінеді. Американың бүгінгі энергетикалық саясаты бұрынғыдан түбегейлі өзгеше. Ал Қытайда ондай өзгеріс жоқ.
Вашингтон осы асимметрияны назарға алып, энергетикалық факторды өзінің кеңірек стратегиялық құралы ретінде қарастыруы керек. Парсы шығанағындағы теңіз қауіпсіздігі — бұл әлемдік нарық үшін жасалатын қайырымдылық емес, бұл Американың әскери қуаты Қытайдың экономикалық өсуін қамтамасыз ететінін еске салатын фактор.
Қытайдың «жауапты держава» риторикасының шегі
Қытай өзін АҚШ-қа қарағанда ұстамды әрі жауапты жаһандық ойыншы ретінде көрсетуге ұмтылып келді. «Эпикалық ашу» операциясы Бейжіге сценарийді тағы бір рет қайталауға мүмкіндік береді: АҚШ-тың әскери араласуын сынға алып, келіссөздерге шақырып, Вашингтонды тұрақсыздық әкелуші ретінде көрсетуі мүмкін.
«Біздің ойымызша, бұл америкалықтар үшін өте қауіпті ойын», – дейді қытайлық сарапшы. Бұл позиция қысқа мерзімді дипломатиялық тұрғыда тиімді болғанымен, оның нақты шегі бар.
Қытай Иранның «стратегиялық серіктесі». Ол Иран экономикасына инвестиция салып, дипломатиялық қолдау көрсетеді. Бірақ ракеталар ұшып жатқан кезде Бейжің әскери кемелер тобын жібермейді. Ол ұшу қауіпсіздігі аймақтарын қамтамасыз етпейді және АҚШ секілді теңіз сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ықпал ете алмайды.
Бұл айырмашылық аймақтағы елдердің назарынан тыс қалмайды. Парсы шығанағындағы монархиялар мен Таяу Шығыс елдері Вашингтон мен Пекин арасындағы саясатты таңдап отырған себебі де осы: олар қауіпсіздік кепілдігі үшін сауда мен технологияның жеткіліксіз екенін жақсы біледі. «Эпикалық ашу» осы шындықты айқындап берді.
Егер Иранның саяси траекториясы өзгеретін болса елдің бөлшектенуі, реформалар немесе батысқа бет бұруы Қытай жеңілдікті бағамен мұнай жеткізілімінен ғана емес, маңызды стратегиялық серіктесінен де айырылуы мүмкін. Бейжің Таяу Шығыста Американың беделі төмендеген немесе сынға түскен жағдайда ғана жеңіске жетеді. АҚШ-Израильдің жылдам әрі шешуші операциясы бұл есепті қиындата түсті.
Бейжің мен Теғранның тактикалық «тұзағы» АҚШ пен Израилдің стратегиялық әлеуетін сарқып жатыр. Осы туралы тың деректер мен инсайдттар халықаралық қауіпсіздік саласында қызу талқыға түсе бастағанын сарапшыларымыз жазды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







