Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында қызмет ететін матрос Бақдәулет Күздібаев ерекше өнерімен көпшіліктің назарын аударды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Ол әскер қатарында механик-жүргізуші қызметін атқара жүріп, бос уақытын шығармашылыққа арнайды. Жас сарбаз әскери бөлімнің қабырғаларын ұлттық тарихымыздағы әйгілі батырлар мен хандардың бейнесімен көркемдеп, ерекше өнерімен тәнті етіп жүр.
Әсіресе аты аңызға айналған қолбасшы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлына арнаған суреті талайды таңдай қақтырды. Бұл суреттен Бауыржан батырдың қайсар мінезі мен өжет рухын байқауға болады.
Бақдәулеттің өнері – әскерде қатаң тәртіп пен талап болса да, жеке шығармашылықты дамытуға мүмкіндік мол екенін дәлелдейді. Әскер қатарындағы әрбір жас сарбаздың бойындағы талантын шыңдап, тұлға ретінде жетілуіне жағдай жасалғанының нақты мысалы осы болса керек.
Айтқандай, Shell компаниясының бас директоры Ваэль Саван Қазақстандағы жаңа инвестицияларды уақытша тоқтататынын мәлімдеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

