Ақтөбе облысында жол-көлік апатынан төрт адам қаза тапты. Қайғылы оқиға 25 қаңтар күні сағат 17:00 шамасында республикалық маңызы бар «Ақтөбе – Орынбор» тасжолында орын алды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Алдын ала мәліметке сәйкес, Ақтөбеден Мәртөк бағытына қарай қозғалған Honda Odyssey көлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Соның салдарынан ол Hyundai Solaris көлігімен соқтығысқан. Соққыдан кейін Honda бағытын өзгертіп, қарсы бетте келе жатқан ВАЗ-2110 автокөлігіне соғылған.
Апат салдарынан ВАЗ-2110 көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі адам – Honda Odyssey көлігінің бір жолаушысы және ВАЗ-2110 көлігінің бір жолаушысы түрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді.
Қазіргі уақытта Honda Odyssey көлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша полиция тексеру жұмыстарын бастап, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Айтпақшы, әлем футболының әйгілі жұлдызы, кезінде «Манчестер Юнайтед» сапында жасындай жарқылдаған португалиялық Луиш Нани «Ақтөбе» клубына ауысты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

