Түркістан облысы Арыс қаласының бірқатар тұрғындары референдум күні учаскеге велосипедпен келіп, дауыс берді. Ерекше бастама арқылы олар экологиялық таза көлік түрін насихаттап қана қоймай, азаматтық белсенділіктің де үлгісін көрсетті, деп жазады Ertenmedia.kz.
– Әрбір мемлекеттің болашағы азаматтардың белсенділігіне байланысты. Референдум – сол белсенділікті нақты іс арқылы көрсетуге мүмкіндік беретін маңызды құрал. Дауыс беру арқылы халық маңызды реформалар мен өзгерістерге өз көзқарасын білдіреді. Бұл қоғам мен мемлекет арасындағы сенім мен диалогтың маңызды бөлігі болып саналады. Сондықтан әрбір азаматтың референдумға қатысуы – елдің тұрақты дамуына және қоғамның бірлігіне қосылған маңызды үлес, – дейді қала тұрғыны Дархан Темірхан.
Қала тұрғындары велосипедпен келген азаматтарды жылы қарсы алып, ерекше бастаманың мәнін жоғары бағалады. Мұндай ерекше сәттер референдум учаскелерінде тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, белсенділікке оң әсер етуде.
Айта кетейік, Арыс қаласы бойынша 34 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр, оларда дауыс берушілер саны – 42 840 адам. Жалпы референдумға облыс бойынша 6 380 комиссия мүшесі тартылған. Комиссия мүшелерінің 97%-ының референдум және түрлі деңгейдегі сайлау науқандарын өткізуде тәжірибесі бар. Сонымен бірге бақылаушылар да референдум барысын тұрақты қадағалап отыр.
Айтқандай, Gmail-дегі поштаңызды жылдам тазалауға мүмкіндік беретін ерекше функция бар екенін білесіз бе? Осы тәсілмен электронды поштаңызды бірнеше секундта ретке келтіруге болады екен.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







