Талдықорған қаласында жаңартудан өткен әлеуметтік дүкен есігін ашты. Осылайша облыс орталығында әлеуметтік азық-түлікпен қамтудың «Жетісу» ӘКК желісі бойынша жұмыс істейтін сауда нысандарының саны жетіге жетті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Дүкендер қала тұрғындарына қажетті тауарларды нарық бағасынан шамамен 20-25 пайызға арзан бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.
Жаңадан ашылған әлеуметтік дүкеннің жұмысы «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ мен жергілікті кәсіпкерлердің тығыз ынтымақтастығы арқасында жүзеге асты. Дүкен сөрелерінде тұрақтандыру қоры мен «айналым схемасына» қатысушы өндірушілер ұсынған әлеуметтік тауарлардың 19 түрі бар.
Мысалы, бірінші санатты жұмыртқаның ондығы 550 теңгеден, күнбағыс майының литрі – 510 теңге, күріш – келісі 380 теңге, картоп – 180 теңге, сәбіз – 170 теңге шамасында сатылуда.
ӘКК өкілдерінің айтуынша, әлеуметтік дүкендер желісін кеңейту облыс әкімінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру тапсырмасы аясында атқарылып жатқан шаралардың бірі.
– Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмыстары жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен тұрақтандыру қорын қалыптастыру және кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген несие беру арқылы атқарылып келеді. Қазіргі уақытта осы екі механизм бойынша жалпы көлемі 6,3 мың тонна болатын азық-түліктің 19 түрін жеткізу жөнінде келісім-шарт жасалған және тауар қоры әзірленген. Әлеуметтік дүкендеріміз арқылы өнімдер делдалсыз, тікелей өндірушіден саудаланады.
Соның арқасында тұрғындарға қолжетімді бағамен тауар ұсынуға жол ашылып отыр. Әлеуметтік өнімдердің қолжетімділігі мен бағасының тұрақты болуы үшін аталған механизмдер арқылы тауар интервенциясы үздіксіз жүргізіледі, – деді «Жетісу» ӘКК әлеуметтік жобалар департаментінің директоры Бақтияр Сембеков.
Талдықорған қаласындағы 7 әлеуметтік дүкен мен әлеуметтік сөрелердің тізімі:
Жаңадан ашылған «JETI» әлеуметтік дүкені Талдықорғанның «Самал» шағын ауданында, 43-үйде орналасқан. Сондай-ақ, қала аумағында әлеуметтік бағада өнім ұсынатын тағы алты дүкен мен сөрелер жұмыс істейді.
№1 әлеуметтік дүкен, Еркін ауылы, Бесшатыр көшесі, 75;
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







