Марқұм Асанәлі Әшімовтың жұбайы Бағдат Әшімова кенже ұлы Асанәлі Әшімовтың 18 жасқа толғанын хабарлады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Ана жүрегінен шыққан әрбір сөзде сағыныш та, үміт те, әкенің орны ойсырап тұрған ауыр тыныштық та анық сезіледі.
Бағдат Әшімова баласын әкесінің жалғасы, асылдың тұяғы ретінде атап, ақ тілегін арнады. Оның айтуынша, кіші Асанәлі бүгін кәмелетке толып, азаматтық жасқа аяқ басқан. Ана баласының өмір жолы ұзақ болуын, Алланың назарында жүруін тілеп, әкесінің рухы әрдайым қорғаш болсын деген ниетін жеткізді.
Әсіресе «асқар тау әкең сенің жігіт болғаныңды, ат жалын тартып мінгеніңді аңсайтын» деген сөздері көптің көңілін босатты.
Қазақ елі күні кеше ғана үлкен Асанәлі Әшімовтан айырылып, қара жамылып қалғаны белгілі. Халықтың жүрегінде орны бөлек, елдік пен өнердің символына айналған азаматтың қазасы көпшілікті терең ойға салды. Осындай сәтте «орнында бар оңалар» деген сөздің мәні айқын сезіледі. Әке артында қалған ұл тек отбасының ғана емес, әкенің атын жалғаған үміттің белгісі.
Кіші Асанәлі бүгін бозбалалықтан жігіттікке қадам басып, ат жалын тартып мінетін жасқа жетті. Жауапкершілік пен таңдау кезеңіне аяқ баста. Әкесінің өмірі, ұстанымы мен ел алдындағы беделі баласына үнсіз аманат болып қалғандай. Қоғам да, ел де оған ерекше көзбен қарайтыны анық. Алайда әр азамат өз жолын өзі салуы керек. Ал әке рухы сол жолда бағыт беріп, демеу болары сөзсіз.
Жұрттың сөзіне сынбаған Дариға үш фильммен жауап бергенін кеңінен жаздық. Осы жерде оқысаңыздар болады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

