6 ақпанға арналған ауа райы болжамы: оңтүстікте дауылды жел, Астана мен солтүстік өңірлерде қатты жауын-шашын мен көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Астанада күн бұлтты, қар жауады, желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы тәулік бойы -1…-3°C, одан әрі төмендейді.
Алматыда күн ала бұлтты, жаңбыр мен қар жауады, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +4…+6°C болады.
Шымкентте күн ала бұлтты, жаңбыр мен қар жауады, жел екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы тәулік бойы +2…+4°C аралығында.
Ақтауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -10…-12°C, күндіз 0…-2°C аралығында.
Ақтөбеде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 2-4 м/с. Ауа температурасы түнде -23…-25°C, күндіз -14…-16°C.
Атырауда күн ашық, жауын-шашынсыз, жел 1-6 м/с. Ауа температурасы түнде -18…-20°C, күндіз -7…-9°C болады.
Жезқазғанда күн ала бұлтты, қар жауады, жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы тәулік бойы -2…-4°C, одан әрі төмендейді.
Қарағандыда күн ала бұлтты, жаңбыр мен қар жауады, жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз 0…+2°C.
Көкшетауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -18…-20°C, күндіз -15…-17°C.
Қонаевта күн ала бұлтты, жаңбыр мен қар жауады, жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -1…+1°C, күндіз +5…+7°C.
Қостанайда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -23…-25°C, күндіз -15…-17°C.
Жауын-шашын
Қызылордада күн ала бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады, жел 8-13 м/с, екпіні 17 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы тәулік бойы -4…-6°C.
Павлодарда күн ала бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады, жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -3…-5°C, күндіз 0…+2°C.
Петропавлда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -21…-23°C, күндіз -15…-17°C.
Семейде күн ала бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады, жел 7-12 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -8…-10°C, күндіз +1…+3°C.
Талдықорғанда күн ала бұлтты, жаңбыр мен қар жауады, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -4…-6°C, күндіз +5…+7°C.
Таразда күн ала бұлтты, жаңбыр жауады, жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы тәулік бойы +2…+4°C.
Түркістанда күн ала бұлтты, жаңбыр жауады, жел 15-20 м/с. Ауа температурасы тәулік бойы +2…+4°C.
Оралда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -23…-25°C, күндіз -15…-17°C.
Өскеменде күн ала бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады, жел 7-12 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -5…-7°C, күндіз +1…+3°C аралығында болады.
Тілшілеріміз Түркияның Оңтүстік Кавказды толық бақылауға алып, Каспий теңізіндегі маңызды энергетикалық ресурстарға ие болғанын талдап жазды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

