«Tarlan Astana» жеңіл рельсті көлік жүйесі іске қосылғалы бері жолаушылар тасымалының көлемі 11,5 миллионға жуықтады. Бұл көлік түрі қала тұрғындары арасында сұранысқа ие болып, олардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналып келеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Бұған қоса елорданың көлік инфрақұрылымын ары қарай дамытуға бағытталған жобаның екінші кезеңін іске асыру жұмысын қатар жүргізіп жатырмыз.
Қазіргі уақытта 294 тірек (97%) орнатылып, 385 эстакадалық құрылым (73%) монтаждалды. 2026 жылдың соңына дейін №401, 402 және 403 станцияларда бетондау жұмысын аяқтау жоспарланып отыр.
Қосшы қаласына қарай бағыт
Тіректерді, эстакадалық құрылымдар мен станцияларды салу бойынша құрылыс-монтаж жұмысы жүріп жатыр. Бұл бағытта барлығы үш станция салу көзделген.
Жағалау шағынауданы және «Астана-1» вокзалы
Жағалау шағынауданына қарай жоба аясында сегіз станция салу көзделген. Геологиялық зерттеу жұмысы аяқталды. Қазіргі уақытта қоршаулар орнату, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысын бастау үшін инженерлік желілерді көшіру және қайта орнату жұмысы жүріп жатыр.
«Астана-1» теміржол вокзалына қарай бағытта (оң жағалау) №201 ауысып міну станциясын есепке алғанда, тоғыз станция салу көзделген. Геологиялық зерттеу жұмысы аяқталды.

Даңғылдар бойындағы құрылыс
Сығанақ даңғылының бойында (Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдарының арасындағы учаскеде) №201/301 станцияларының ауысып міну торабын салу жұмысы жүріп жатыр.
Қазақ радиосы көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының арасындағы учаскеде екі тірекке бетон құю жұмысы аяқталды. Сондай-ақ қадалар мен арқалықтарды орнату жұмысы жүріп жатыр. Өзге учаскелерде алдағы құрылыс-монтаж жұмысына дайындық жүргізілуде.
«Жеңіл рельсті көлік желісін дамыту – елордамызда заманауи әрі қолайлы көлік жүйесін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам», – деп атап өтті Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!






