Астана әкімдігі жеңіл рельсті көлік (LRT) үшін жол жүру тарифтерінің жобасын жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Жаңа тарифтік ұсыныс «Ашық НҚА» порталында қоғам талқысына шығарылды. Жоба бойынша жеңіл рельсті көлікпен жол жүрудің бағасы – қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз төлем түріне қарамастан, 200 теңге болып белгіленген. Ал жеңілдік берілген көлік карталарының иелері тегін жүре алады.
Жобаға берілген түсініктемеде жолаушылардың белгілі бір санаты үшін арнайы жеңілдіктер қарастырылғаны жазылған. Мұндай азаматтар жолақы төлеуден тек жеке электронды көлік картасының түпнұсқасы арқылы ғана босатылады.
Бұған дейін елорда әкімі LRT көлігімен жол жүру бағасы 100-200 теңге аралығында болуы мүмкін екенін айтқан еді. Қазіргі ұсынылған тарифтер осы шекте сақталған. Құжат әлі де қоғамдық талқылаудан өтеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







