Бүгін кешке Түркістан және Жамбыл облыстарының тұрғындары жер асты дүмпулерін сезді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 853 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісі 3 сәуір күні, Астана уақыты бойынша сағат 21:13-те тіркелген. Оның әсері Қазақстанның бірқатар елді мекендерінде 2 балл деңгейінде сезілген.
Жер асты дүмпулерін Түркістан облысының Мырзакент, Жетісай, Абай, Сарыағаш, Шардара, Қазығұрт, Ленгір, Сайрам, Манкент, Ақсукент, Тұрар Рысқұлов, Арыс, Темірлановка, Шәуілдір, Шаян, Түркістан, Кентау, Шорнақ, Шолаққорған елді мекендерінің тұрғындары сезген.
Жамбыл облысында Тараз қаласы мен Сарыкемер, Аса, Құлан, Меркі, Бауыржан Момышұлы, Қаратау, Жаңатас және Қордай ауылдарында да жер сілкінісі байқалған.
Әзірге зардап шеккендер мен шығындар туралы ақпарат жоқ.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







