Автокөлігіңіздің алдыңғы панелінде, әйнекке жақын орналасқан, кішкентай, қара түсті дөңгелек датчикті байқадыңыз ба? Көп адам бұл қандай да бір камера немесе навигациялық құрылғы деп ойлайды. Бірақ бұл шын мәнінде «күн сәулесінің датчигі» (Solar Load Sensor) деп аталатын ерекше құрылғы. Оның негізгі қызметі – салонға түсетін күннің сәулесінің күшін өлшеп, соған сәйкес көліктің климаттық бақылау (климат-контроль) жүйесін реттеу, деп жазады Ertenmedia.kz.
Күн сәулесінің датчигі әдетте фотодиод деп аталатын шағын жартылай өткізгіш құрылғыдан тұрады. Бұл фотодиодтың ерекшелігі оған жарық түскенде электр тогын шығарады. Яғни, күн сәулесінің күші артқан сайын, фотодиод шығаратын электр сигналы да күшейе түседі. Осы сигналдарды көліктің климат-контроль жүйесі қабылдап, кондиционердің жұмысын реттеп отырады.
Мысалы, күн қатты түсіп, салон қыза бастаса, датчик мұны бірден сезіп, кондиционердің қуатын арттырады. Ал күн бұлттанып, салонға күн сәулесі түсуі азайса, климат-контроль жүйесі керісінше кондиционердің қарқынын төмендетеді. Кейбір қымбат көліктерде екі аймақтық климат-контроль болса, мұндай датчик екі жағында да орнатылған, себебі күн сәулесі жүргізуші мен жолаушының жақтарына әртүрлі түсуі мүмкін.
Күн сәулесі датчигінің көмегімен көлік салонындағы температура автоматты түрде реттеледі. Сіз кейде байқайсыз, көлігіңіздің кондиционері өте ыстық күндері немесе күн сәулесі тікелей түскенде өздігінен күшейе түседі. Бұл ақау немесе бұзылыс емес, керісінше датчиктің өз қызметін дұрыс атқарып тұрғанын білдіреді.

Дегенмен, салондағы температураны жүргізуші немесе жолаушы өздері қолмен реттей алады. Сіз қалаған температураны таңдаған кезде де, күн сәулесінің датчигі жүйемен байланыста болып, климат-контроль жұмысына түзетулер енгізіп отырады. Себебі көлік салонының қызып кетуінің шамамен 60 пайызы күн сәулесінің әсерінен болады. Сондықтан бұл датчик көлік ішіндегі температураны тұрақты ұстап тұру үшін өте маңызды компонент болып табылады.
Датчик дұрыс жұмыс істеу үшін оның алдындағы аумақты әрдайым ашық ұстау керек. Датчиктің алдында тұрған қандай да бір зат немесе оған түсетін көлеңке оның жұмысына кедергі жасап, салондағы температураның дұрыс реттелмеуіне әкеледі. Яғни, жазда салон тым ыстық, ал қыста өте суық болуы мүмкін.
Сондықтан көлігіңіздегі осы шағын құрылғыға мұқият болыңыз. Оның орнын біліп, таза және ашық күйінде ұстаңыз. Бұл сіздің жүргізу жайлылығыңыз үшін ғана емес, көлік климат-контроль жүйесінің ұзақ және сенімді жұмыс істеуі үшін де маңызды. Әрбір технологиялық бөлшек, тіпті осындай кішкентай датчиктің де, сіздің жайлы сапарыңызға қосар үлесі үлкен.
Автоөлік иелері арасында қозғалтқыш майын толық ауыстырмай, мөлшері азайғанда үстінен май құйып тұрса жеткілікті деген жаңсақ пікір тараған. Бұл жаңсақ пікір екенін ұмытпаңыз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







